Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті

img 20220827 wa0060 Құқық

Бүгін 26 тамыз күні Атырау облыстық сотында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен жариялаған конкурсқа қатысушы судьялық бос лауазымдарға үміткер кандидатураларды талқылау бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңестің басты міндеттері сот жүйесінің қоғаммен өзара іс-қимылы, ашықтық, жариялылық, судьялар корпусының сапалы құрамын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады. Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі критерийлары жоғары білім деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттер және мінсіз беделі болып табылады.
Кеңес төрағасы  облыс тұрғындарынан басқа, тыс өңірлерге де беделі жоғары, қазіргі уақытта сонымен қатар Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарып жүрген, К.Қосыбаев болып табылады.

Сонымен қатар, Кеңес құрамына Билер кеңесінің  төрағасы  Ғ.Хисметуллин, доғарыстағы судья С.Жумалиева, Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты А.Мухангалиева, нотариалдық палатаның атқарушы директоры К.Абдразакова, кәсіпкерлік одақ өкілі – С.Жолдыбаев кіреді.
Кеңес жұмысының үйлестірушісі Атырау облыстық сотының судьясы Д.Тухфатова.

Жоғарыда айтылған, 2022 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен сот алқа төрағалары мен судьялардың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланды.

Конкурсқа қатысу үшін 14 судья және Атырау облысының   мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының бас маманы-сот отырысының 1 хатшысы ниет білдірді.
Кадр іріктеу барысында, кандидаттардың  жеке және іскерлік қасиеттеріне аса назар аударумен қатар, судьяның беделі мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның адал және әділ сот төрелігін жүзеге асыруына күмән тудыратын жағдайлардың бар-жоғы  анықталды.

Ол үшін, үміткерлерге қатысты Атырау облысы полиция, әділет, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті органдарына алдын-ала сұраныстар жіберілді.

Кеңес мүшелері сипаттама мәліметтерімен танысып, әрбір өтініш берушімен әңгімелесті.
Отырыс қорытындысы бойынша конкурсқа қатысушыларға кеңестің тиісті қорытындысы берілді.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз