
Әскери шеру рух берді
Астана қаласында өткен әскери шеруді тікелей эфирден тамашаладық. Осындай әлеуетті әскері бар Қазақ елінде өмірге келгенімді, осы топырақта Отан алдындағы борышымды өтеп жатқаныма қуандым. Шерудегі Президенттің атап айтқан жігерлі сөздері бізге айрықша рух берді.
Шеруді бастаған қолбасшылар, олардың саптағы әдемі жүрістері әскери бөлімдегі барлық сарбазға ерекше әсер беріп, жаңа мақсаттардың пайда болуына себеп болғанына сенімдімін.
Әлемде ойып алар орны бар осындай мемлекеттің тәуелсіздігін күзету бізге жүктелген зор жауапкершілік екенін өзіміздің командирлеріміз осы күнге дейін айтып келеді. Ал бұл жолда біз де талмай жауынгерлік қызметтерді абыроймен атқарудамыз. Үйдегі ата-анам мені мақтан ететініне де сенімім мол.
Сейітжан МАРАТОВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы
5546 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері