Жарнама
Құқық

Әскери бөлімде жас сарбаздарға қару табысталды

Атырау қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде Отанға адал болуға ант берген 200-ден астам жас сарбазға салтанатты түрде қару табысталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

bd118f41 bddc 46fa 8be5 5e72dd5ded64

Жиын әскери бөлімнің саптық алаңында өтті. Қатар түзеген жас жауынгерлерді бөлім командирі, подполковник Самет Құлахмедов құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

— Кеше ғана Отанға адал қызмет етемін деп әскери ант қабылдаған сіздерге бүгін жауынгерлік қару табысталып отыр. Бұл — үлкен жауапкершілік. Қарумен бір жыл бойы жауынгерлік міндеттеріңізді атқаратын боласыздар. Қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Еліміздің бейбіт аспаны астында қаруды тек оқу-жаттығу мақсатында ғана қолданатын болыңыздар, — деді бөлім командирі.

4e63d6f6 d493 43d3 9937 38f05e37d719

Салтанатты рәсім жас сарбаздардың рухын көтеріп, әскери борышқа деген жауапкершіліктерін нығайтты. Алдағы уақытта олар Атырау қаласының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button