Жер дауы қалай шешілуде?

Жер дауы алай шеш¦луде Жаңалықтар

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы биылғы жылы жер заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар жұмыстар тындырды. Басқарманың жерді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімімен ағымдағы жылы барлығы 1025 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 856 заң бұзушылық анықталып, тексерудің тиімділігі 84 пайыз құрап отыр.

%d0%b6%d0%b5%d1%80-%d0%b4%d0%b0%d1%83%d1%8b-__%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%b9-%d1%88%d0%b5%d1%88%c2%a6%d0%bb%d1%83%d0%b4%d0%b5

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 136, 337, 338 және 339-баптарының талаптарын  бұзғандығы үшін 856 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Тексеру қорытындысымен 72,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, тоғыз жүзге жуық жер заңдылықтарының бұзылуын жою туралы орындалуға міндетті нұсқамалар табысталды. Жоғарыда көрсетілген айыппұлдың өз еркімен мемлекет пайдасына 62,1 млн. теңгесі төленіп, заңдылыққа  сәйкес, мәжбүрлеп орындау үшін жеке сот орындаушыға 29 әкімшілік заң бұзушылық негізінде салынған 4,3 млн. теңге айыппұл жолданған.

Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен облыс көлемінде жер заңнамасына түсінік жұмыстары үнемі жүргізілгеніне қарамастан мемлекеттiк жер учаскелерiн ішінара заңсыз иеленіп алу немесе уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақытылы қайтармау сынды жер заңдылығының бұзылу фактілері жиі кездеседі. Мәселен, «Атырауинждорстрой», «Экодар» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ-на жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағында және 37-бабының 2-тармағында көзделген жайларды бұзу бойынша әкімшілік істер қозғалып, барлығы 1750 айлық есептік көрсеткіш (3,1 млн. теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

«Ниет ЛТД», «Время» ЖШС-не жүргізілген тексерулер Жылыой ауданының Теңіз вахталық поселкесінен өздеріне тиесілі жер учаскелерінен артық көлемде мемлекет жерін пайдаланып отырғандығы анықталды. Осыған сәйкес, әкімшілік істер қозғалып, әрқайсысына 150 айлық есептік көрсеткіште  айыппұл салынды. Сөйтіп, аталған жер учаскесін босату арқылы жер заңдылығының бұзылуын жою қажеттігі туралы нұсқамалар табысталды.

Облыста игерілмей жатқан шаруа қожалықтары мен құрылыс нысандары жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай игерілу жайына да бақылау жүргіздік. Прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардан басқармаға келіп түскен құжаттар негізінде Жер кодексінің 92-бабына сай бір жыл ішінде жерді нысаналы мақсатымен пайдалану қажеттігі туралы биыл жалпы ауданы 8671,9627 гектарды құрайтын жер учаскесіне 69 нұсқама (жазбаша ескертулер) табысталды.

Басқарманың тексерістері бойынша ауданы 2163 га ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жер учаскесі мемлекет қорына өз еркімен қайтарылды. Ауданы 458 га. болатын ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жер учаскесі бойынша төрт талап арыз қанағаттандырылды. Атырау қаласынан кәсіпкерлік мақсатқа берілген 15,6 га, ауыл шаруашылығы мақсатына берілген 20 га жер учаскесі бойынша екі  арыз қараусыз қалдырылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен өткен 2 қарашадағы жиналыстың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Жылыой ауданы прокуратурасының талапнамасы негізінде Құлсары қаласы әкімі аппаратында жер заңнамаларының сақталуына, оның ішінде 2014-2016 жылдары қабылданған шешімдер заңдылығына, жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтініштерін қараудың мерзімдеріне тексеру жүргізілген болатын. Сөйтіп, жер учаскесіне құқық беру кезінде жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін бұзумен шектескен әкімшілік құқық бұзушылық сипаттары анықталды. Осыған орай басқарма лауазымды тұлға – Құлсары қаласы әкімінің орынбасарына қатысты әкімшілік іс қозғап, оған 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Ал, Құлсары қаласының әкіміне жер заңдылығының бұзылуын жою туралы нұсқама табысталды.

Ағымдағы жылы басқармаға 137 жеке және заңды тұлғадан өтініштер келіп түсті. Оның ішінде: 26-сы қанағаттандырылды, 8-і қанағаттандырудан бас тартты, 78 өтінішке түсінік берілді, 18 өтінішті қарау тоқтатылды.

Жерді пайдалану және қорғау жөнінде мемлекеттік бақылауды жүргізу жұмыстарымен тұрғындар арасында жариялылықты жандандыру және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты күшейтуге  ерекше мән беріліп отыр. Басқарманың лауазымды тұлғаларының мақала-сұхбаттары БАҚ арқылы жарияланды.

Қорыта айтқанда, басқарма прокуратура органдарымен бірлесе отырып, жер заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар, облыста игерілмеген жер учаскелері иелеріне табысталған нұсқамалар негізінде бақылау тексерістерін ұйымдастыру, сот органдарына талап арыздар жолдауға баса назар аударатын болады.

Ғибрат СҮЛЕЙМЕНОВ,

облыстық жердің

пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау

басқармасының басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз