Жарнама
Құқық

Әскер жаңа мүмкіндік сыйлады

Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде абыроймен борышын өтеген қатардағы жауынгер Сәбит Ілесқожаев бір жылдық қызметін аяқтап, туған жеріне оралуға дайындалып жатыр. Жас сарбаз елге адал қызмет етумен қатар, болашағына нық қадам жасау мүмкіндігіне ие болғанын мақтанышпен жеткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Ертуған Әубәкір хабарлады.

Сәбит әскери қызмет барысында «Сарбаз 2.0» бағдарламасына қатысып, тегін білім грантын жеңіп алған. Енді ол еліміздің жетекші оқу орындарының бірі — Қазақстан Ұлттық университетіне оқуға түсуді жоспарлап отыр.

— Әскер маған үлкен өмірге жол ашты. Тәртіп пен төзімділікке үйрендім, шынайы достар таптым. Ең бастысы — өзіме деген сенімім артты. Мемлекет тарапынан ұсынылған білім мүмкіндігі үшін шексіз ризамын. Бұл — әрбір жасқа берілген үлкен қолдау, — дейді Сәбит Ілесқожаев.

Жас сарбаз әскери бөлімдегі командирлерінің тәлім-тәрбиесіне де ризашылығын білдірді.

— Ұстаздық еткен командирлеріме алғысым шексіз. Олардан алған үлгі-өнеге өмір жолында алға жетелейтініне сенемін, — дейді ол.

Сәбит қатарластарын да әскери борышты абыроймен өтеуге, Отан алдындағы парызын адал атқаруға шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button