Жарнама
Құқық

ӘР ХАТТЫҢ АЙТАРЫ БАР

Редакцияға хат жолдаған Атырау қаласы №2 сотының кеңсе жетекші маманы Г.Тұрғалиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың тетіктері жөніндегі ойын жеткізіпті.

Сот қызметкері, соның ішінде сот приставы азаматтарды өткізу, сот  қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету, сотқа келмеушілермен және сот процестеріне қатысушылармен қатынас кезінде заңдылықты, сыпайылықты және әдептілікті сақтау қажет. Бұл туралы облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы Е.Тынысовтың хатында кеңінен айтылыпты.

Сондай-ақ, Атырау қалалық сотының бас маманы Г.Сансызбай да өз ойын білдіріп: «Мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жою мүмкін емес. Бұл көп болып күресетін жұмыс» деген ойын білдіріпті.

Келесі бір хаттың авторы Исатай аудандық прокурорының аға көмекшісі Аманжол Қабдолов еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске енгізілген өзгерістерге тоқталады. Ол өз сөзінде жаңа заң талаптарына сәйкес, заңды тұлғаның дербес салық төлеушілер болып табылатын және салық салу мен кеден ісі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған құрылымдық  бөлімшелері заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапта болатынын айтады.

Мемлекеттің дамуы жолында қазақ тілін өркендету – Мемлекет басшысы алға қойған басты міндет. Ана тілімізге атүсті қарамай, оның кеңінен қанат жаюына әр азамат өз үлесін қосуы тиіс. Өйткені, тіл – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы. Әңгіме төңірегінде келесі бір хаттың авторы Құрманғазы аудандық сотының судьясы М.Менситова «Жетекші рөл атқаратын мемлекеттік тілге маңыз беру қашан да орынды. Оны жас ұрпақтың санасына сіңіріп, өз Отанының нағыз патриоты етіп тәрбиелеу – білім беру саласы мамандарының ғана емес, барша азаматтардың парызы»  деген ойын білдірсе, жылыойлық тұрғын Қ.Дүйсенбетов жастарды патриоттылыққа тәрбиелеп, оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыруға баса көңіл бөлу керектігін айтады.

Алдағы уақытта да оқырмандарымыздың әр ойын салмақтап, саралап жазған хаттар легі толастамайды деп сенеміз.

Шолу жасаған: Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button