Жарнама
Құқық

Әділ төрелік – айнымас қағида

*24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күні

Би – билік иесі емес, әділет иесі. Ол қара қылды қақжарған, халыққа жақ, ақиқатқа жанашыр тұлға. Бүгінгісот жүйесі де осы қасиетті қағиданы ұстанып келеді.Сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында бізАтырау облыстық мамандандырылған әкімшіліксотының төрағасы, Қазақстан Республикасы Судьялародағы Атырау облыстық филиалының төрағасыНұрбол АБДОЛОВПЕН сұхбаттасқан едік.

 Нұрбол Досжанұлыкәсіби мерекенің маңызы неде деп ойлайсыз?

– Биыл үшінші жыл аталып өтетін мереке – әділетсаласына еңбек сіңіріп жүрген әріптестеріміз үшінерекше күн. Бұрындары сот саласының беделі үшін тынбай жұмыс істеп жүргендердің еңбегін бағалайтын арнайы мерекенің керектігі өз ортамызда жиі айтылатын. Әріптестердің ұсыныс-тілегінің нәтижесінде «Судья және сот қызметкерлері күні» кәсіби мерекелер тізімінен ойып тұрып орын алды. Бұл сот жүйесіндегі айтулы жаңалықтың бірі болды.

Меніңше бұл атаулы күн, бір жағынан, салақызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, жастардың осы мамандықты таңдауына ықпал етеді. Екіншіден, кәсіби мереке сот саласының беделін нығайтып, судьяларға деген сенімді де еселей түсетіні анық. Бұл күн кәсіпке деген халықтың қызығушылығын оятып, сот жұмысына қатысты оң пікірдің орнығуына септігін тигізетін іс-шаралармен айшықталғаны дұрыс.

Сот – әділеттің соңғы сатысы, қоғамдағы кез келгендау-дамайдың шешімін табатын орын. Сондықтан бұлкүннің мәні – мерекеден гөрі жауапкершілік пен салмақты еске салатын күн.

– Судьялар одағының негізгі қызметіне тоқталакетсеңіз

– Судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіподақұйымы саналатын бұл қоғамдық бірлестік 1996 жылықұрылған еді. Содан бері Судьялар одағы сот жұмысынжандандыруға, судьялардың әлеуметтік-тұрмыстық, кәсіби қызметіндегі түйткілдерді тыңғылықты шешугебелсенді атсалысып келеді. Жалпы, судьялардың одақтан көмек сұрап, әріптестерінен қолдау күтуі бұрыннан бар. Бұл мәселе бойынша Судьялар одағына 10-ға жуық өтініш түсті. Былтыр су тасқынынақатысты зардап шеккен Жылыой аудандық сотыныңмамандарына қаржылай көмек жасалды. Осының өзі одақтың судьялар мәселесіне бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Алдағы уақытта да одақ судьялардың түйткілдерін шешуге, мәселелерін реттеуге басымдық береді.

Осы тұста айта кетейін, Судьялар одағы құрылғалы9 съезд өтті. Әр съезде еліміздегі сот жүйесінің өзектімәселелері кеңінен талқыланып, заң үстемдігінорнатуға бағытталған бастамалар көтерілді. Съезд жұмыстары формалды емес, нақты нәтижеліұсыныстарымен ерекшеленеді.

Астана төрінде өткен Қазақстан РеспубликасыСудьяларының ІХ съезіне Атырау облысынан делегат ретінде қатысудың сәті түсті. Сот жүйесінің дамып, халықтың сот әділдігіне сенімінің артуына мұндайбасқосудың қосар үлесі зор. Әр съезде қабылданғаншешімдер мен міндеттемелер орындалып, олардың игінәтижесін беріп жатқанына да көпшілік куә.

– Мемлекет басшысының съезге қатысуы сот саласына қалай әсер етті?

– Бұл – сот саласына деген зор сенім мен қолдаудың белгісі. Президент саладағы соңғы кездеатқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, сот жүйесіне халықтың сенімін одан әрі нығайту үшін нақтымақсаттар айқындалды. Оның бірі – судьяның қандайда бір іс бойынша шешім қабылдау барысында ішкіжәне сыртқы факторлардан тәуелсіз болудықамтамасыз ету. Бұл – біздің қызметімізге бағдарболар басты ұстаным.

Сонымен қатар, сот жүйесіндегі бірқатаркемшіліктерді ашық айтып, оларды жою жолдарыннақты тапсырмалармен бекітті. Бұл сөздер бізге үлкенсерпін берді.

– Жалпы, съезде көтерілген мәселелердіңорындалуына қатысты не айтасыз?

– Иә, нақты нәтижелер байқалады. Мысалы, сот шешіміне әсер ету фактілерін түбегейлі жою, алқабилер институтын кеңейту, судьяға кәсіби көмекшідаярлау мәселесі қозғалды. Қазір судьяларға сырттанықпал етуге тосқауыл қойылып отыр.

Елімізде бұрын кассациялық шағымдарды Жоғарғысот іріктесе, енді бұл дербес кассациялық соттыңқұзырында. Бұл әділдікке қолжетімділікті арттыруғабағытталған үлкен өзгеріс. Сонымен бірге сот процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатындабиыл бейнежазба, аудиожазба құралдарын пайдаланутолық енгізілді.

– Судья көмекшісін даярлау – жаңа бастамаОның қажеттілігі қандай?

– Судьяның жүктемесі өте жоғары. Әсіресеәкімшілік соттарда бір күнде 20-30 іс қаралуы мүмкін. Осындай ауқымды жұмысты сапалы атқару үшінкөмекші қажет. Болашақ судьялардың мектебіқалыптасады десек те болады. Бұл – тек техникалықемес, кәсіби және құқықтық тұрғыдан маңызды қадам.

– Судьялардың әлеуметтік жағдайына қатыстыне айтасыз?

– Әрине, бұл мәселе толық шешімін тапқан жоқ. Судья – мемлекеттің ерекше сенім жүктеген тұлғасы. Бірақ, өкінішке қарай, тұрғын үймен қамтамасыз ету, отставкадан кейінгі әлеуметтік кепілдіктер, зейнетжасына дейінгі аралықтағы қолдау тетіктері әлсіз. Бұл– судьялардың әлеуметтік мәртебесіне тікелей әсерететін мәселе.

Осы олқылықтардың салдарынан сотқа келгісікелетін жас заңгерлер азайып отыр. Бұл түйткілдімәселені мемлекет деңгейінде шешу керек.

– Сот жүйесінде қазіргі кезеңде қандай цифрлықжаңашылдықтар бар?

– Қазақстан сот жүйесін цифрландыруда ТМД елдері арасында алдыңғы қатарда тұр. Онлайн сот отырыстары, электронды құжат айналымы, істердің«Сот кабинеті» жүйесінде тіркелуі – бәрі осыныңдәлелі.

Бұл – халыққа қолжетімділікті арттырып, судьяныңда, адамның да уақытын үнемдейтін, процесті ашықететін маңызды бағыт. Тұрғындар өз істерінің қайсатыда тұрғанын қадағалап отыра алады.

– Осы тұста Атырауда резонанс тудырғанқандай істерді айтар едіңіз…

– Иә, биыл Мемлекеттік рәміздерді қорлағантұлғаларға қатысты іс қаралып, қоғам тарапынан кеңталқыланды. Бұл іс сотта әкімшілік құқық бұзушылықретінде қаралды. Нәтижесінде бір бойжеткен 15 күнгеқамалып, екеуіне әкімшілік айыппұл салынды. Мұндайістерде сот тек заңға сүйеніп шешім қабылдайды.

Сонымен қатар «Дина» базарында кәсіпкердіаяусыз ұрып өлтірген адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Атырау қаласының №2 соты осындай үкім кесті. 39 жастағы айыпталушыжазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сондай-ақ марқұмның жары мен баласына 20 миллион теңгеморальдық өтемақы төлеу міндеттелді. Бұл – сот әділдігінің айқын көрінісі.

Осы тұста айта кетейін, істің мән-жайын білмесе де, «арбаның алдына шығып кететін» журналистер мен блогерлер аз емес. Сот болмай жатып, істің қалайжасалғаны, кім жасағаны, қандай дәлел бары белгіліболмай тұрып, қоғам кейбір адамдарды сырттай«соттап» қояды. Тіпті, заңнан хабары болмаса да нешежыл берілетінін тұспалдап, болжап айтатындар бар. Бұл судьяларға қысым.

Халық «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» депбекер айтпаса керек. Сот үкімі төрелік алаңындашығарылуы керек. Ал өзі жетік білмей тұрып, іскезаңдық болжам жасаған, қоғамның наразылығынкүшейтуге ықпал еткен БАҚ өкілдерінен жауапкершілік сұралғаны жөн. Мұндай теріс ықпал қоғамда өзбетінше әділдік орнатқысы келетіндердің, заңдыбелден басатындардың көбеюіне алып келетінінұмытпау маңызды.

– Сот пен билер институтының тарихисабақтастығы туралы не айтасыз?

– Билер – біздің құқықтық ойлауымыздың бастауы. Төле, Қазыбек бидің «Дау кімдікі болса да, төрелікәділдікі» деген қағидасы бүгінгі сотқа үлгі. Бүгінгітатуластыру институтының негізі сол билер жолының жалғасы іспетті. Таразы басын тең ұстау, дауласқандыжарастыру – қашанда құнды. Қазіргі сот жүйесі де осы дәстүрді жаңғыртып, медиация мен келісім процестеріндамытуда.

– Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда қандайжұмыстар жүргізілуде?

– Біз халықпен жұмыс істейміз. Әсіресе жастарарасында құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындаіс-шаралар көп. Ашық сот процестері, оқуорындарындағы кездесулер, құқықтық түсіндіружұмыстары тұрақты жүріп жатыр. Бұл – қоғамменбайланыс орнатудың, сенімді нығайтудың жолы.

– Сот қызметкерлерінежас мамандарға айтартілегіңіз.

– Әріптестеріме қажырлы еңбегі үшін алғыс айтып, кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ал жасмамандарға – адалдық пен әділдікті серік етіңіздердегім келеді. Бұл салада тек біліктілік емес, жүректазалығы мен ар-ұят биіктігі керек. «Тура биде туғанжоқ, туғанды биде иман жоқ» дегенді әрқашан естеұстайық.

–  Сұхбатыңызға рақмет, қызметтеріңіз абыройлы болсын!

ТҮЙІН. Сот төрелігі – мемлекеттің айнасы. Судьяның үкімі – заңның үні. Ол үн әділетті болса, халықтың да, мемлекеттің де іргесі берік болмақ. Сот қызметкерлерінің төл мерекесі – тек кәсібижетістіктердің ғана емес, қоғам алдындағыадалдықтың, әділдіктің салтанат құрған күні. Ендеше, сот жүйесінде жүрген әр қызметкердің еңбегіәділдікпен өлшенсін, сот төрелігіне сенім арта берейік.

Әңгімелескен Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button