Сағыз ауылында атыс болып, 6 адам жарақат алды

25c89110 148e 4d65 ba00 6c1a166d4830 Құқық

«Оқыс оқиға 30 қазан күні орын алған» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оқиға кешкі сағат 19.30-да Сағыз ауылы бойындағы «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 331 шақырымында болған.

Атыс кезінде жарақат алған Р.Е, С.К, Ә.Б, С.Б, Б.Т және Қ есімді (фамилиясы нақтылануда) азаматтар
Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілген.

Қосымша ақпарат хабарланады» делінген Атырау облысы полиция департаментінен алынған мәліметте.

Қосымша ақпараттардан белгілі болғанындай, оқиғаға ауыл жастарының арасындағы өзара қақтығыс себеп болған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз