Құқық
Атыраулық полицейлер күшейтілген режимде қызмет етеді
27 желтоқсан күні Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаевтың қатысуымен департаментте жеке құрамға саптық жиын өткізілді. Жиын барысында полиция қызметкерлерінің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі және автокөліктердің және байланыс құралдарының техникалық жағдайының талапқа сай болуы тексерілді. Осы ретте, тәртіп сақшылары көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту мақсатында тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет етеді.
- Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында біз қызметтің күшейтілген түрінде қызмет атқарып, азаматтарға қауіпсіз, әрі жайлы жағдай жасау үшін барлық шараны қамтамасыз ететін боламыз. Құқық қорғау қызметкерлері және жеке күзет ұйымдарының басшыларымен қоғамдық жерлерде бақылауды күшейту бойынша құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасалуы қажет,-деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев.