Жарнама
Қоғам

«Жылыоймұнайгаз» ұжымы көпбалалы анаға баспана сыйлады

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымы қасиетті Рамазан айында Құлсары қаласының тұрғыны, көп балалы ана Нүргүл Ғабдоловаға баспана мәселесімен көмек көрсетті.

Н.Ғабдолова — жолдасы қайтыс болғаннан кейін бес баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана, оның үшеуі мектеп оқушылары, біреуі — мектеп жасына дейінгі, кішісі — бір жарым жаста. Үлкен қызы туберкулезге қарсы  диспансерлік есепте тұр.  

Көп балалы отбасы осы уақытқа дейін жалдамалы баспанада тұрып келді. «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымы көмек көрсету бастамасын қолға алып, мұнайшылар мүмкіншіліктеріне қарай ерікті түрде қаражат жинады. Жиналған қаражатқа екі бөлмелі пәтер сатып алынды.

  •  — «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы аз қамтылған отбасыларына үнемі қолдау көрсетіп келеді. 2021 жылы мұнайшылардың ерікті түрде жинаған ақшаларына Доссор поселкесінде 3 үй, Құлсары қаласында 1 пәтер сатып алынған болатын. Биыл игілікті іс — қайырымдылық шарасының жалғасып отырғаны қуанышты. Рамазан айында Құлсары қаласында тағы бір отбасы қолына пәтер кілтін алып отыр. Үнемі қиналған жандарға көмек қолын соза білетін «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымына, басшылығына компания басшылығы атынан алғыс айтамын,- деді Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.

Айта кету керек, жылыойлық мұнайшылардың көмегі  тек баспана сатып алумен шектелмеді. «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымы Н.Ғабдолованың отбасы тұратын үйдің дәлізіне жөндеу жасап, қоныс той иесіне кілем сыйға тарту етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button