Жарнама
Қоғам

Жыл басынан бері Атырауға 105 қандас оралды

Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл басынан бері өңірге тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. Өзбекстаннан 87, Қытай Халық Республикасынан 4, Ресей Федерациясынан 10, Түрікменстан және Украинадан 2 қандас облысқа келді. Оның ішінде 87 адам Атырау қаласына, 11 адам Жылыой ауданына және 7 адам Құрманғазы ауданына қоныстанды, деді Е.Әбілқасымов.

Айта кетейік, елімізге өз бетімен келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алу үшін өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облыстық филиалына барып бере алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button