НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ!

2013 жылдың 24 мамыр күні сағат 10.00-де «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өтеді.

 Қабылдауды «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ филиалының басшылары, екінші деңгейлі банктер филиалдарының өкілдері өткізеді.

 

Акцияның мақсаты – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдармен, институттармен азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне ашық сұхбат алаңын ұсыну.
Қабылдауға алдын ала жазылу 27-00-43 телефоны арқылы немесе Әйтеке би көшесі, 79а, «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы жүргізіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз