Жарнама
Қоғам

Жүрекке жылулық сыйлайтын мереке

Атыраулықтар Масленица мерекесін салтанатты жағдайда атап өтті. “Достық үйінде” “Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің белсенділері ұйымдастырған шараға Светлана Бондрашенко үш жүзден астам құймақ пісіріп әкелді.

0800b3e4 135e 402e 90c6 ba89ff356486

Биыл барлық қазақстандық үшін ерекше жыл. Кеше, 1 наурызда біз Алғыс айту күнін және қасиетті Рамазан айының басталуын атап өтсек, бүгін Масленица мерекесі ұйымдастырылды. Бұл күні ақыл-ойды ашу мен реніштен тазарту қажет. Сондықтан сенушілердің барлық қайғы-қасіреттері үшін бір-бірінен кешірім сұрау дәстүрі бар. Осыған байланысты, “Достық үйінде” нағыз халықтық мереке ұйымдастырылды. Масленица ойын-сауықтары, жарыстар, барлық тапсырма орындау мен құймақ жеу дәстүрі жоғары деңгейде өткізілді. Мерекеге барлық ұлт өкілі отбасыларымен келіп, әжелерін, сәбилерін әкеліп, көңілді ойындарға қатысты.

78843e15 8d16 4557 a628 cd8d440ce0b1

Іс-шараны орыс халық театрының актері Андрей Лобыкин өте кәсіби түрде жүргізді, ол «Гурьевчанка» хорымен бірге түрлі ән орындауға, флешмобқа қатысуға, арқан тартысуға, жұмбақтар шешуге шақырды. Салтанатты шараға ертегі кейіпкерлері қатысып, кеш одан сайын әрлендіре түсті.
Ойын-сауық бөлігінің соңында қонақтар әртүрлі қоспасы бар құймақ пен самовар шайынан дәм татты.

763810ac 6c00 4139 8883 8f98372adb22


Қонақтарды басқа белсенділермен бірге «Былинаның» басшысы Андрей Кораблевпен бірге әпкесі Светлана қарсы алды.

d383d1fd 5421 4f6c 945b 5e9c6c24049d

-Мен әрқашан жұмысқа құймақ пісіріп әкелемін. Ал жұма күндері әріптестерім бауырсақ әкеледі. Бәріміз бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бауырсақ та, құймақ та артықтық етпейді. Өйткені, ұлттық тағамдарымыз жүрекке жылулық сыйлайды,-дейді С.Кораблева.

375ae228 57c8 457f ba1e db74b0e838c2

Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button