Жүрек жылуын СЫЙЛАҒАН
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАЛАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР ӘРКЕЗ ХАЛЫҚТЫҢ СҰРАНЫСЫНА ИЕ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ АНЫҚТАП, МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП, ҚАРАЖАТ БӨЛІП
КЕЛГЕН «SAMRUK-KAZYNATRUST» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ҚОРЫ АТЫРАУ ӨҢІРІНДЕ ҚОЛДАУ ТАПҚАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫРУ МАҚСАТЫНДА БАСПАСӨЗ ТУРЫН ӨТКІЗДІ.
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАСҰЛАН БИСЕМБИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС, ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ, ЖУРНАЛИСТЕР МЕН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАСЫН ҚОСҚАН ІС-ШАРА БАРЫСЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МЕН ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ, МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ.
«Зейіннің» сәтті қадамы « С а м ұ р ы қ — Қ а з ы н а » А Қ — н ы ң компаниялар тобы облыс көлемінде соңғы бес жылда 19 əлеуметтік жобаны іске асырған. Жобалар өңір тұрғындары
үшін маңызды мəселелерді шешуге жəне үкіметтік емес ұйымдардың əлеуметтік бастамаларын қолдауға бағытталған.
Алдымен Нұрсая шағынауданындағы көп қабатты үйде орналасқан сөйлеу қабілеті бұзылған, аутизм, церебральды сал ауруы жəне даун синдромы бар балаларды жан-жақты дамытумен
айналысатын «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығының жұмысымен таныстық.
Биыл жобаға «Samruk-KazynaTrust» қоры күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар, жиһаздар
мен жабдықтарды жаңартуға қаражат бөлді. Қазір 50 ерекше бала тегін оңалту курстарынан өтіп жатыр.
– Орталықтың негізгі мақсаты – білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларды кешенді дамыту арқылы, олардың қатарластарымен бірге тең дəрежеде білім алуына жағдай жасау. Қазіргі уақытта орталықта 102 бала бар. Оларға арнайы АВА терапия, логопеддефектолог, психолог, ЛФК, АРТ
терапия мамандары кешенді қызмет көрсетеді, — деген орталық жетекшісі.
Арайлым Нұғыманова көп балалы, аз қамтылған жəне отбасында ерекше бала тəрбиелеп отырған отбасыларға да арнайы жеңілдік қарастырылғанын атап өтті.
Қайта өмірге келгендей…
Бұдан кейін,Атырау облыстық балалар ауруханасы базасында орналасқан «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығына барып, атқарылып жатқан жұмыстарын көрдік .
Церебральды сал ауруы жəне нейроортопедиялық бұзылыстары бар балаларға заманауи жəне сапалы оңалту қызметтерін ұсынатын орталықта балаларды диагностикадан өткізіп, кешенді кеңес береді.
Орталықта 50 төсек орын бар. Оның 25-і тəуліктік, 25-і күндізгі стационарға арналған. Мұнда
невролог, реабилитолог, үйлестіруші, физиотерапевт, эрготерапевт, емдік дене шынықтыру (ЛФК) нұсқаушылары, психолог, логопед, дефектолог, медбике жұмыс істейді. Сондай-ақ, дəрігер кеңесі, механотерапия, емдік дене шынықтыру (кинезотерапия), сенсорлық жəне интерактивті бөлмеде
логопед, дефектолог, психолог, эрготерапев сабағы, сумен емдеу, физиоемдеу, т.б. сан түрлі қызмет бар.
Ашылғаннан бері орталықтан мыңнан астам бала ем алған. Меңгерушісі Гүлнара Мирамованың айтуынша, орталық жылына церебральды сал ауруы, аутизм, эпилепсия, психикалық дамуы тежеліп, сөйлеу тілі жетілмеу сынды дамуында түрлі бұзылыстары бар 600 баланы тегін қабылдай алады.
Баспасөз туры барысында жүрек толқытар жағдайға куə болдық. Биыл жазда отбасымен басқа қалаға қыдыруға бара жатқан отбасы жол көлік апатына ұшырап, соның салдарынан жеті жасар ұл бала қатты зақымданып, төрт айдан бері толықтай осы орталықтан емін алып жатыр. Біздің дəрігерлер оқиға орнына барып, балаға көрші облыстың ауруханасынан ота жасап, арнайы ұшақпен Атырауға алып келген. Нейрохирургиялық бөлімнен ем алған соң оңалту орталығына
орналастырылған. Қазір бала жаңадан өмірге келгендей күйде, жүріп тұруды қайта үйреніп жатыр.
– Қате – аяқ астында. Немереміз өлім мен өмірдің ортасында жатты. Бұған дейін оңалту орталығы туралы бейхабар едік. Мұнда көптеген бала емделіп жатыр. Қандай ем-дом жасалып жатқандығын видео арқылы да көріп біліп отырамыз. Баланы бағуға да көп күш пен жүрек керек. «Жақсының
жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ғой. Дəрігерлерге, осы ұжымдағы барлық қызметкерлерге алғыс айтамын. Еңбектеріңіз жемісті болсын, — деп көзіне жас алды.
Әрекетке – берекет
Бұдан бөлек, қор əлеуметтік осал санаттағы адамдарды қолдауға ерекше назар аударып келеді. Бұл бағытта Атырау облысының іскер əйелдер қауымдастығының «Əрекет» жобасы шеңберінде жалғызбасты жəне көп балалы аналар, жұмыссыз əйелдер өздерінің қаржылық тəуелсіздігін
қамтамасыз ету үшін кəсіби дағдылар мен нақты көмектер көзделген. Жоба аясында 100 əйелге арналған оқыту курстары ұйымдастырылып, одан кейін түлектерге шағын бизнестерін ашуға
көмек көрсетіледі. Оқу аяқталғаннан кейін түлектер түгелдей өз ісін ашуға тауарлар түрінде грант иеленсе, олардың кемінде 50 пайызы өз бизнесін ашуға мүмкіндік алып, 30 пайызы жұмысқа орналасады деп жоспарланып отыр. Іскер əйелдер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, курста тігін ісі, аспаздық, шаштараз, кондитер, клининг қызметтерін оқытады.
Болашаққа сеніммен
Баспасөз туры Ақсай ауылында орналасқан «Маленькая страна» əлеуметтік қалашығында жалғасты. Ол жерде мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға арналған еңбек терапиясы, иппотерапия əдістері пайдаланылып, сонымен қатар, шаруашылықты жүргізу үшін «жасыл технология»
қолданылады. Биыл «Samruk-KazynaTrust»» қоры шағын гибридті жел-күн электр станциясын жəне шаруашылық ғимараттар мен əкімшілік үй-жайларға арналған конвекторлық жылытқыштарды сатып алу үшін қоғамдық бірлестіктің бастамасына қолдау көрсетті. Болашақта осы құрылғылардың көмегімен əлеуметтік қалашықта электрмен жабдықтау толығымен автономды болады.
Баспасөз турына қатысқан белсенділер қордың əлеуметтік жобаларына жоғары баға беріп, өз əсерлерімен бөлісті.
– Əр адамның міндеті – балаларына жақсы тəрбие беріп, аяққа тұрып кетуіне көмектесіп, лайықты адам етіп тəрбиелеп шығару. Бүгін қор тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, қуанып отырмыз. Мүгедектігі бар балаларға арналған игі істеріңіз үшін ерекше алғыс білдіргім келеді. Қордың жұмысы ашық əрі түсінікті болғанына қуаныштымыз. Баспасөз туры қордың биылғы жұмыс нəтижелерін көрсетті. Біз шарадан ерекше балаларға, əлеуметтік осал санаттағы əйелдерге,
мүгедектігі бар жандарға арналған өзекті жобаларды көріп отырмыз. Бұл қордың имиджіне оң əсер етеді жəне халықтың сенімін арттырады, — деді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Кеңес Қосыбаев.
Алмас ҚАБДОЛОВ
Суреттерді түсірген
Əнуар ƏБІЛҒАЗИЕВ