Жарнама
Қоғам

Жұмысшы мамандықтар жылы – болашақтың берік іргетасы

«Болашақ» Президенттік стипендиясы – Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған және дарынды жастарға әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігін беретін стипендиялық бағдарлама. Бұл стипендия еліміздің кәсіби және ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған. Стипендия иегерлері елге маңызды саладағы білім мен тәжірибені әкеліп, қоғамның дамуына өз үлестерін қосады.

«Болашақ» түлегі, атыраулық Динара Дүйсенбаева АҚШ-тағы Иллинойс университетінде корпоративтік және коммерциялық құқық бойынша магистр дәрежесін алып, қазір North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) компаниясында мердігерлерді басқару жөніндегі маман ретінде қызмет етуде.

Ол мұнай-газ саласындағы маңызды компанияларды бағалау мен таңдауда өзінің білімін және тәжірибесін тиімді пайдаланып келеді. Сонымен қатар жеткізушілердің заңнама талаптарына сәйкестігін, қаржылық жағдайын, техникалық әлеуетін және іскерлік беделін мұқият тексереді.

–Бүгінде жеткізушінің техникалық мүмкіндігімен қатар, беделіне, санкциялық тәуекелдерге және компанияның талаптарына ұзақ мерзімді сәйкестігіне де назар аударамыз, — дейді Динара Дүйсенбайқызы.

Соңғы бір жыл ішінде ол компаниядағы жеткізушілерді алдын ала бағалау және тәуекелдерді скринингтеу жүйесін жетілдіруге жетекшілік етті. Отандық мердігерлермен қатар, шетелдік жеткізушілермен де жұмыс істей отырып, компания саясатына бейімделген серіктестіктер құруға үлес қосып келеді.

Д.Дүйсенбайқызының жұмысы Қазақстандағы энергетикалық жобалардың тұрақтылығына және олардың халықаралық талаптарға сәйкестігіне елеулі үлес қосуда. Оның тәжірибесі мен кәсібилігі елдегі ірі инфрақұрылымдық бастамалардың кедергісіз жүзеге асуына көмектесіп отыр.

Мұнай-газ саласындағы осындай білікті мамандардың еңбегі еліміздің әлемдік энергетика нарығындағы орнын нығайтуға және халықаралық әріптестікті дамытуға ықпал етуде.

Сурет: ncoc.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button