Жұмыс іздеп жүрсіз бе?!

img 20220415 wa0211 Қоғам

Бүгін «APEC PetroTechnic» Жоғары колледжінде еңбек жәрмеңкесі өтті. Облыстың жұмыссыз тұрғындарына 40-тан аса жұмыс беруші бос вакансия ұсынды. Жұмыс іздеушілер түрлі салаларда мыңнан аса қызмет түрін таңдауға мүмкіндік алды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Дина Әбішқызының айтуынша, мұндай шара екі тараптың да қажеттілігін қанағаттандырады.

  • – Бүгін «Денхолм Жолдас», «ККТС», «Буркит Сэйфти», «Сенімді Құрылыс», «Фиркрофт Инжиниринг Сервисес Лимитед Казахстан», «ЮСС Суппорт Сервисез», «НКОК» филиалы, «ККТС», «Флюор Казахстан Инк», «Велесстрой», «Уорли Парсонс Казахстан», «Атырау «FSSA», «Атырау жылу орталығы» АҚ, «Атырау жарық», «Болашақ Атырау», «АНПЗ», «Сичим С.п.А Казахстан», «АТМА-Атырау» компаниялары облыстың жұмыссыз азаматтарына бос орындарды ұсынды, – деді басқарма өкілі.

Ұсынылған 1410 ваканттық жұмыс орындарының 1000-нан астамы жұмысшы мамандықтары екен. Атап айтқанда: техникалық құбырларды монтаждау және жөндеу слесарі, электрик, құбырмонтаждаушы, дәнекерлеуші, көлік жөндеу слесарі, тігінші, бақылау және өлшеу аспаптарын монтаждаушы, жүргізуші, жүк тасушы, жол жұмысшысы, оператор,  көмекші машинисі, аспаз, аспаз көмекшісі,  ас бөлме қызметкерлері, тазалаушы, кір жуушы, жөндеуші, түрлі бағыттағы операторлар, жұмысшы және тағы басқа мамандықтар.

Ал, 151 инженерлік позициялар бойынша: инженер-коррозии, инженер-электрик, инженер-технолог, инженер-сметчик,  техника қауіпсіздігі инженері, құрылыс инженері, сапа инженері, менеджерлер, дизайнер, учаске шебері вакансиялары бар.

Бірден бірнеше компанияға түйіндемелерін тапсырып үлгерген тұрғындар енді жұмыс берушінің шақыртуын күтеді.  Олар жұмыс орындарында тестілеуден өтіп,  жұмысқа қабылданатын болады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз