Криштиану Роналду 2016 жылдың үздік футболшысы атанды

photo 33280 Жаңалықтар

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) 2016 жылдың үздіктерін марапаттады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

photo_33280
Швейцарияның Цюрих қаласында өткен салтанатты шарада Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду жылдың үздік футболшысы атанды. ФИФА биыл жылдың үздік футболшысына The best сыйлығын тағайындады. Осылайша бұл марапатқа алғаш рет Криштиану Роналду ие болып отыр.
Дауыс беру қорытындысы бойынша португалиялық «Барселона» ойыншысы Лионель Месси мен «Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманнды басып озды.
Қыздар арасында 2016 жылдың үздік футболшысы америкалық Карли Ллойд болды. Ал өткен маусымда «Лестермен» ағылшын премьер-лигасында чемпион атанған Клаудио Раньери жылдың үздік жаттықтырушысы атанды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз