Жуда Абду Ғани аль-Басуни, «Нұр Мүбарак» университетінің ректоры (Алматы): «ҚАЗАҚСТАН САЯСАТЫ ІЗГІЛІККЕ ҮНДЕЙДІ»

Қазақстанның ұстанып отырған негізгі саясаты адамзатты дініне, ұлтына қарап бөлмеу арқылы,  оларды ортақ мүдде жолында тоғыстыруды көздейді. Бұл қазіргі таңда күллі әлем үшін аса қажет, өте көреген, дана саясат. Ислам да халықты бірігуге шақырады. Осы жағынан қарағанда Қазақстан саясаты ізгілікке үндейді  деуге толық негіз бар. 

Осымен бесінші мәрте өтіп отырған әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі  дінаралық, мәдениетаралық диалогты қалыптастыру мақсатын көздейді. Сол арқылы съезд әлемдік бейбітшілікті орнатуға белгілі бір деңгейде ықпал етеді деп сенемін.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз