Жарнама
Қоғам

ЖОМАРТТЫҚ – ЖАҚСЫ ҚАСИЕТ

 

Ал, жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясы Тұңғыш Президент күніне арналған «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясын ұйымдастырды. Бұл алдыңғы шаралардың жалғасы іспеттес. Жомарттық, кеңпейілділік адам бойындағы жақсы қасиеттер болып саналады.

Облыста республикалық эстафеталар, акциялар аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған би мектебі ашылды. Онда бойында таланты бар аялы алақанға зәру жандар тәлім алуда. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған жанұяларға арналған «Балаларға қуаныш сыйла!», «Детство без границ», «Жақсылық жасауға асығыңыздар!», «Подари детям надежду» атты қайырымдылық шаралары Ассамблеяның қарапайым халықты қолдайтын құрылым екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Балалар үйлері, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлері, оңалту мекемелерінің тәрбиеленушілері бұл қасиеттерді тағы да анық сезінетін болады. Этномәдени бірлестіктердің зейнеткерлерге сауықтыру жолдамаларын тапсыру, көпбалалы және жалғызбасты аналарды ұлығылау, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік көмегін көрсету сынды шаралар да биылғы жылдың әлеуметтік маңызын аша түскендей болды.

Жетім балаларға арналған қайырымдылық концерттері, зейнеткерлер мен жалғызбасты қарттарға арналған түрлі қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, олардың көңілдерін бір серпілтіп тастады. Бұндай шаралардан біздің этномәдени бірлестік те қалыс қалған емес. Мәселен, аз қамтылған жандарға  көмегімізді ұсынуға тырысамыз. Исатай ауданындағы аурушаң балаларды ем-домдарына қажет дәрі-дәрмекпен де қамтып келеміз. Бұл – біздің азаматтық та, адамдық та парызымыз. Сөйтіп, біз де «Қайырымдылық керуеніне» өз үлесімізді қосудамыз.   

Зелімхан  ЗУБАРИЕВ,

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени

бірлестігінің төрағасы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button