Денис Тен Атырауда шеберлік сағатын өткізеді (ВИДЕО)

d8495f8036211a2212893e2d23c0f014 XL БЕЙНЕЖАЗБА

Сочида өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Атыраудағы жанкүйерлерімен кездеседі, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

d8495f8036211a2212893e2d23c0f014_XL

– Соңғы уақытта біздің өңірде спортпен шұғылдануға, жауынгерлік өнерге көп көңіл бөлінуде. Қысқы спорт түрлеріне де назар аударатын кез келді. Атап айтқанда, Атырау облысында қарқынды дамып жатқан мәнерлеп сырғанау спортына, – дейді Азамат Бекет.

Бүгінгі таңда Атырау облысында мәнерлеп сырғанаумен 3 жастан 14 жасқа дейінгі 58 адам айналысуда. Олардың ішінде басым көпшілігі қыздар.

Азамат Бекеттің айтуынша, Денис Теннің Атырауға келуі жас спортшылардың жаңа жеңістерге ұмтылуына серпін болады және Атырау облысында осы қысқы спорт түрінің дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, атыраулық мәнерлеп сырғанаушылар республикалық турнирлермен қатар, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары.

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен 27 сәуір күні 19.00-де Мұз айдыны кешенінде Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына шеберлік сағатын өткізеді. Шеберлік сағатына кіру тегін.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз