ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ЗОР
Білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары одан әрі жалғаса беретін болады. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме болмақ.
Тұтастай алғанда, «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз деп білемін.
Сол секілді, бұл стратегиялық құжат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің қозғаушы күші болады. Өмірдің әр саласына қатысты нақты тапсырмалар жүктелген Жолдауға сай, әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде, ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады.
Осы тұста бюджеттің игерілуі мен оның қатаң бақылауда болуы керектігі маңызды рөл атқарады. Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджеттік түсімдерінің түсуін қамтамасыз етіп, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру, яғни, профицитін пайдалану жөніндегі іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер қабылдаудың заңдылығын, азаматтық-құқықтық мәмілелерде көрсетілген ақпарат пен деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Ұзақ Тұсаев,
Атырау облысы бойынша
Қазынашылық департаменті
басшысының орынбасары.