Атырауда «Теңізшевройл» серіктестігі арнайы пандустармен жабдықталған 30 автобусты сыйға тартты

IMG 20190320 110307 Жаңалықтар

Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Атырау қаласының тұрғындары үшін 30 жаңа автобусты сыйға тартты.

Аталған ксәіпорын бас директорының міндетін атқарушы – негізгі жобалар бас менеджері Кевин Каснер шаһар басшысы Алимұхаммед Құттұмұратұлына қоғамдық көліктің кілтін табыс етті. Айта кетейік, осыған дейін қалада жолаушылар көлігінің жетіспеушілігіне байланысты облыс әкімдігі «ТШО» мекемесіне жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту мақсатында көлік құралдарын сатып алу жөнінде ұсыныс білдірген болатын.

IMG 20190320 110408

«Ankai» маркалы автобус – осы

– Қала басшылығы мен тұрғындары атынан «ТШО» кәсіпорнына ризашылығымды білдіремін. Бастамасы №14 бағытта қатынайтын автобустар автопарктерді жаңарту үрдістерін аяқтауға, жолаушылар тасымалының сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Қалған бағыттар кейін анықталады, – деді А.Құттұмұратұлы.

«ТШО» қазақстандық қамтуды дамыту және қолдау масқатында отандық өндіруші «СарыарқаАвтоПром» серіктестігінен сыйымдылығы 86 жолаушы болатын «Ankai» маркалы 50 дана автобус сатып алды. Оның 30-ы Атырау, ал, қалғаны Құлсары қаласына беріледі.

IMG 20190320 110427
Барлығы – 50 автобус

– Біздің кәсіпорын жергілікті қауымдастықтың бір бөлігі және солай болып қала береді. Халыққа қолдау білдіру – басты мақсат. 1993 жылдан бері «ТШО» аймақтағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1,7 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат бөлді. Бүгін біз қала үшін аса қажет көліктерді сыйлап отырмыз. Олар мүмкінідгі шектеулі жандарды және бесікарбадағы балаларды тасымалдау үшін пандустармен жабдықталған. Сондай-ақ, барлық техникалық стандарттар мен заманауи талаптарға сай келеді, – дейді К.Каснер.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттерді түсірген автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз