Жол қауіпсіздігін қалай арттырамыз?
Жол-көлік оқиғаларының профилактикасы есепке алу, тіркеу және себеп-салдарын талдаудан бастау алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетке адам мен азаматтың құқықтары және бостандықтарын қорғау міндетін жүктейді. Мемлекеттің бұл міндетін орындауда құқық қорғау органдары басымдық рөл атқарады.
Олардың тиімділігі көп жағдайда құқықтық реттеу дәрежесіне, құқық қорғау органдары мен мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылының тиімділігіне, олардың қызметін бағалау мен жетілдіруге байланысты.
Биылғы 30 маусымда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде – жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру тағы бір маңызды мәселе екенін атап өтті, бұл құқық қорғау органдарының үнемі назарында болуы керек.
Президент соңғы үш жылда елімізде жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға артқанын атап өтті. Оның ішінде 6,5 мыңнан астам адам қаза тауып, 55 мың астамы жарақаттанған. «Бұл еліміз үшін нағыз трагедия. Біз әрқашан және барлық жерде адамдардың өмірі мен денсаулығы – ең маңызды екенін мәлімдейміз. Сондықтан қазіргі жағдайды түзету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет» екенін атап өтті.
Бірінші кезекте барлық азаматтар жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға назар аудару қажет. Биыл 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жақсарту бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған шаралардың тиімділігі мәселесі бойынша құқық тәртібі және қылмысқа қарсы күрес тақырыптарын қозғады.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына Парламент депутаттары, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, министрліктердің басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Талқылау барысында соңғы бес жылда елімізде 75 мың жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 100 мыңға жуық адам зардап шеккені айтылды. Сондай-ақ уәкілетті органдарға қосымша жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, қажетті жол белгілерін орнатуды қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін автоматты камералар желісін кеңейту мәселелерін пысықтау ұсынылды.
Оқушылар үшін қауіпсіз орта құруға ерекше назар аударылады.
Ішкі істер министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жолдардың апатты учаскелерінің тізілімдерін жасап, проблемалардың тізбесін анықтап, оларды дәйекті түрде шешу қажеттігі аталды.
Жуырда 12 қазанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жол-көлік оқиғаларының себептерін зерделеу, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар мен ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құрды.
Жол-көлік оқиғаларының себептерін зерделеу мақсатында жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен ұсыныстар әзірленді. Есепті деректер негізінде жол-көлік оқиғалары мен оларда зардап шеккен адамдарды есепке алудың жай-күйіне талдау жасалады, ол қадағалаушы прокурорларға, уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі, сондай-ақ оның жедел ақпарат түріндегі нәтижелері ай сайын Комитеттің сайтында орналастырылады.
Бұл талдау есептің барлық мәліметтерін, соның ішінде жасы, зардап шеккендердің жынысы, уақыты, апта күні, айы, орны, жолдың жағдайы сияқты көрсеткіштерді толығымен жинақтайды, сондай-ақ жол-көлік оқиғасының себептері көрсетіледі. Бұл деректердің практикалық пайдасы үшін статистика республиканың елді мекендері мен жолдарындағы аса қауіпті аймақтарды көрсететін жазатайым оқиғалар картасында көрсетіледі.
Жарақат пен адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасын тіркеп, мәліметтер базасына енгізгеннен кейін бірнеше минут ішінде ақпарат осы картада көрсетіледі. Бұл жол-патрульдік полиция қызметінің жол қозғалысына қатысушылармен (жаяу жүргіншілер, жүргізушілер) белсенді жұмыс жүргізуге бағыттауға профилактикалық әсер етеді.
Сонымен қатар, кез келген адам ғаламтор арқылы электронды картада жазатайым оқиғалардың жай-күйіне анық көз жеткізе алады.
Ағымдағы жылдың 11 айында Атырау облысында 324 жол-көлік оқиғасы тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 фактіге аз (329 – 2022 ж.). Апат салдарынан 416 адам зардап шекті (482 — 2022), оның ішінде 315 (317 – 2022) ересектер, 101 (76 — 2022) кәмелетке толмағандар. 89 (89 – 2022) адам қайтыс болды, оның ішінде 73 (83 – 2022) ересектер, 16 (6 – 2022) кәмелетке толмағандар.
Апаттардың басым бөлігі елді мекендерде – 234, халықаралық, республикалық маңызы бар жолдарда – 59, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда – 31 жол-көлік оқиғалары орын алған.
Жиі болатын жол-көлік оқиғаларының түрі – соқтығысулар – 130, жаяу жүргіншіні соғулар – 112, аударылулар – 41, кедергімен соқтығысулар – 8.
Соқтығыспен 130 немесе 60,0%-ға жол-көлік оқиғаларының ең көп саны Атырау қаласында – 78 (Жылыой ауданы – 19, Махамбет ауданы – 11, Мақат ауданы – 6, Қызылқоға ауданы – 5,) орын алған, Исатай және Құрманғазы аудандары – 4, Индер ауданы – 3).
Жаяу жүргіншіні қағып кету Атырау қаласында – 80, (Жылыой ауданы – 13, Мақат ауданы – 4, Махамбет ауданы – 3, Индер, Исатай, Қызылқоға және Құрманғазы аудандарында – 2) орын алған.
Жол-көлік оқиғаларының жалпы санының 19-ы жол қозғалысы ережелерінде немесе жол белгілерінде белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін, 12-сі қиылыстарда жүру немесе жолды кесіп өту ережелерін бұзу, 264-і басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан орын алған, 27 маневр жасау кезінде, 2 – жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы.
Атырау қаласында – 2, (Мақат ауданы -8, Исатай ауданы – 5, Құрманғазы ауданы – 3, Қызылқоға ауданы – 1) жылдамдықты асырып жол-көлік оқиғалары орын алған.
Жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде адам өлімдерінің басым бөлігі «A-27 «Ақтөбе-Атырау» — РФ (Астрахань қ.) – 557 км, А-27 «Ақтөбе-Атырау» – РФ (Астрахань қ.) – 591 км, А-33 «Доссор-Құлсары-Атырау» — 102 км республикалық маңызы бар ең қауіпті автомобиль жолдарында, онда 59 жол-көлік оқиғасы орын алып, 155 адам зардап шеккен, оның 100-і дене жарақаттар алған, 55-іадам өлімдері.
Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – жол қозғалысы ережелері бұзылған немесе сақталмаған жағдайда қалыптасқан жеке адамдар денсаулығына зиян келтірген немесе материалдық тұрғыдан және жол жүру үрдісін бұзған оқиға. Көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің белгіленген талаптарын сақтамауынан – 116 факті тіркелген, және жаяу жүргіншілерге жол қозғалысының басқа қатысушыларына жол қозғалысы кезінде артықшылық бермеудің 59 фактісі тіркелген.
Осы статистикалық мәліметтерді ескере отырып, жол-көлік оқиғаларының себеп-салдары Атырау облысы әкімі С.Шапкеновтың төрағалығымен өткен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырыстарында бірнеше рет қаралып, біршама нақты қадамдар басталды.
Дегенімен, жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзу және жол қозғалысы мәдениетінің әлі де тиісті деңгейге жетпей отырғанын атап өту қажет. Жүргізушілер тарапынан жол тәртібінің сақталмауы жол-көлік оқиғасының басты факторының бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгенін байқауға болады.Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады.
Оқиғалардың басым бөлігі негізінен жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын сақтамаудың, олардың заңға мойынсынушылық мінез-құлықтарының қалыптаспауының, зейінсіз болуының, ішімдік ішіп жолға шығу және жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жерден өтуі, ауа райының қолайсыздығы кезінде жол жабындысының дұрыс болмауының және автомобиль жолдарына малдың шығып кетуінің салдарынан орын алған.
Балаларға арналған автокөлік орындықтары пайдаланылмайды, автокөлік әуесқойларының 20% ғана балаларының қауіпсіздігі туралы ойлайды.
Көлік құралының иесі мен жүргізушілерінің кәмелетке толмаған балаларды арнайы балаларды ұстау құрылғысында немесе басқа да құралдарда тасымалдауға қатысты құқықтары мен міндеттері туралы талап сақталмайды, тіпті қауіпсіздік белдіктері де тағылмайды.
Жол-көлік оқиғасын азайту, тіптен жоққа шығару жалпымызға ортақ қағида болуы тиіс. Автокөлік – жоғары қауіп көзі, онымен мүліктік залал түгілі адамдардың денсаулығына, өміріне үлкен қатер келтіру мүмкіндігін әрдайым ұғынуымыз қажет.
Бауыржан МҰҚАТОВ,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, аға әділет кеңесшісі