ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КОДЕКСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ
«Елбасы айқындаған реформалар арқасында жер қойнауын пайдалану, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, көмірсутек шикізаттары бойынша Қазақстанда бұқаралық есептіліктің халықаралық стандарты жүзеге асады. Минералдық шикізаттық кешен саласында инвестициялық тартымдылық арта түседі. Пайдалы қазбалар есептілігі, салық салу базасының сақталуы мен жұмыс орындарының сақталуы және жер қойнауын пайдалану бойынша мемлекет пен мүдделі тарап арасындағы басымдықтардың сақталуы қамтамасыз етіледі», — деді Ұ.Қарабалин. Оның айтуынша, реформаларды толық жүзеге асыру үшін заңнамалық қамтулар және тиісті нормативтік-құқықтық актілер, сонымен қатар реформаларды қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет болып табылады.
«Соның ішінде 2016 жылдың соңына дейін Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, Парламентке ұсынылады. Бұдан бөлек, 2017 жылдың аяғына дейін кен орындарын бағалау процесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жоспарланады. Осындай дайындық жұмыстарынан соң, 2018 жылдан бастап халықаралық стандарттарға көшетін боламыз», — деді вице-министр.