Жарнама
Қоғам

ЖЕҢІЛ ӨНЕР КӘСІПТІҢ ЖҮГІ АУЫР

— Жеңіл өнеркәсіп — кез келген елдің экономикасының көпсалалы және инновациялық тұрғыдан тартымды, басымдық берілген секторларының бірінен саналады, — деді ол кіріспе сөзінде. — Бүгінгі таңда біздің облысымызда бұл салада 20-дан астам кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда. Олардың санатында «Өнерпаз», «ЭРТРИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін, «Қазақ соқырлар қоғамы» мен «Қазақ саңыраулар қоғамы» жанынан құрылған оқу-өндірістік кәсіпорындарын атауға болар еді. 

Аталмыш сала кәсіпорындарының даму көрсеткіші алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2012 жылы 152 пайызды құраса, өткен 2013 жылдың өзінде бұл меже 2,8 есеге дейін артқан. Биылғы жыл басынан бергі бес айда да олардың тарапынан көрсетілген қызмет пен өндірілген өнім көлемі былтырғы деңгейде сақталып отыр. Бұл, сөз жоқ, жеңіл өнеркәсіптегілердің үлесінің жылдан-жылға ұлғайып келе жатқандығын көрсетеді. Осы жерде жеке кәсіп иелерінің де ортақ іске қосып отырған үлестерінің аз еместігін атаусыз қалдырмағанымыз абзал.
Ендеше, осынау бір қиын да, күрмеуі көп салада ерінбей еңбек етіп, суығына тоңып, ыстығына күйіп, халыққа, қала берді, ел игілігіне қызмет көрсетіп, сұранысқа сай сапалы өнім шығаруды мақсат тұтқан сіздердің баршаларыңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектеріңіз жемісті, мерейлеріңіз үстем болып, мәртебелеріңіз арта берсін!
Одан әрі облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Ислямұлы табысты еңбектеніп, үздік өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізіп, әріптестеріне үлгі танылған кәсіби мереке иелерінің бір тобына ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің атынан жазылған Алғыс хаттарды салтанатты жағдайда тапсырды. Мұндай үлкен құрметке ие болғандардың қатарында «Өнерпаз» ЖШС трикотаж цехының киім пішушісі, осы саланың ардагері Қалыш Қабдуллиева, «ЭРТРИ» ЖШС аяқ киім тігу цехының маманы Римма Ли, «Қазақ саңыраулар қоғамы» ОӨК-ның тігіншісі Зәуреш Қуанышқалиева, «Қазақ соқырлар қоғамы» ОӨК-ның тігін шебері Ирина Калячина сынды майталмандардың есімдері аталды. Оған жалғаса дәл осындай марапат аталған министрліктің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбековтің атынан көрсетіліп, иелеріне табыс етілді. Келесі кезекте жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Сағындық Лұқпанов та жылы лебізіне қоса лайықты деп танылған өндіріс озаттарына Құрмет грамоталарын табыстады. Бұлардың қатарында жоғарыда аттары аталып кеткен облыс орталығындағы кәсіпорындардың ғана емес, осы кәсіппен шұғылданып жүрген олардың аудандардағы әріптестерінің де барлығын айтқанымыз жөн.
Салтанатты жиынға қатысушылар жергілікті жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары дайындаған және өңірлердегі шағын бизнес нысандарында әзірленген, жеке кәсіпкерлердің қолынан шыққан тауарлар мен бұйымдардың көрмесін тамашалады. Облыстағы іргелі өндірістік компаниялар мен осы сала кәсіпорындары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Дәулетқали АРУЕВ.
Суретті түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button