Жарнама
Қоғам

Жастар әлеуметтік желілердегі аватарға арнайы фрейм орнату акциясын бастады

Қазақстанның барша жастары Президент бастамаларына қолдау көрсетуі қажет. Бұл пікірді Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай білдірді деп мәлімдеді «ҚазАқпарат» агенттігі.

Қазақстанда Жастар жылының ашылуына орай, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы әлеуметтік желілердегі аватарға арнайы фрейм орнату акциясын бастады. Бұл фреймдерді акцияға қосылуды қалайтын кез келген азамат «ҚазАқпарат» ХАА қосымша сайт-саттелитінен jastar.inform.kz жүктей алады.

1449601436_socialnye-seti

­-  Жастар жылы ­- бұл Қазақстан тарихында ұлт Көшбасшысы тарапынан, мемлекет тарапынан жастарды қолдауға жасалған теңдессіз қадам. Сондықтан, жастар Форумда көтерілген ұсыныстарды толық қолдауымыз керек. Бүгінде жастардың барлығы дерлік әлеуметтік желіні қолданады. Сол себепті, әлеуметтік желілерде флеш-моб жүргізуді ұйғардық. Бұл — жас көшбасшылар мен жастардың Президент бастамаларын қолдауға арналған жаңа қозғалысы. Бүгінгі акцияны Президенттің 27 жыл бойы жүргізген саясатын жастардың қолдауы деп те түсінген жөн. Сондықтан, мен Қазақстан жастарын Мемлекет басшысының саясатына, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарымызға қолдау білдіруге шақырамын», — деді М.Споткай.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Фото —  www.tampereclub.ru

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button