40  балаға – 1 млн 400 мың теңге

bd2a057d042c1164d36b3081bd123048 Қоғам

Жылма-жыл өткізіліп тұратын «Мектепке жол» акциясының оқушылар үшін маңызы зор. «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі республикалық «Бар мейірім – балаға» атты ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында біраз жұмысты жүзеге асырды.

Білім беру басқармасының ұсынысына сәйкес, облыстық  ұйым бюджеті есебінен әлеуметтік қолдауға мұқтаж екі отбасының 6 баласына 250 000 теңгенің мектеп формалары мен оқу құралдарын сатып алып берді. Сондай-ақ, ұйымның Атырау қалалық филиалы 40  балаға 1 миллион 400 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Атап өтерлігі, қайырымдылық акциясы аудандық филиалдар мен бастауыш ұйымдарда да өз жалғасын табуда. Айталық, Жылыой ауданында 66 оқушыға – 910, 0 мың, Исатай ауданында 20 оқушыға – 300 000, Қызылқоғада 20 оқушыға –  400 000, Индерде 23 оқушыға – 260 000, Мақатта 2 оқушыға 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек ұсынды.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз