Жарнама
Қоғам

ЖАСТАР ӘРҚАШАН БЕЛСЕНДІ

 

Слетке барлығы он төрт мектептің әскери-патриоттық клуб мүшелері қатысты. Игі бастамаға облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мұрындық болды.

Слет барысында  Қорғаныс істері жөніндегі департамент, Батыс аймақтық әскери прокуратурасы, №№2016, 5546 әскери бөлімдер мен білім беру қызметкерлері сөз алды. Олар қазіргі қоғамда жастарды Қарулы күштер қатары мен құқық қорғау органдарындағы қызметке бейімдеу мәселесі өткір тұрғандығын алға тартты. Содан соң жас слетшілер әскери оқу-жаттығулардан үзінді көрсетіп, патриоттық әндерді шырқады. Соңы жастардың қатысуымен өткен үлкен флешмоб пен ән-биге ұласты.

Амандық Абдолов.

Суретті түсірген автор.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button