400 МЫҢНАН АСА АТЫРАУЛЫҚ «109» ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮГІНГЕН

img 20201125 wa0105 Жаңалықтар


Атырауда  жыл басынан бері «109» бірыңғай байланыс орталығы қызметіне  төрт жүз мыңнан аса тұрғын жүгінген.

Осылайша, Атырау облысы әкімдігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын коммуникацияның жаңа құралдарын қолдану арқылы белсенді түрде жүзеге  асыруда.

«Шұғыл желі» болып белгіленген байланыс орталығына  бүгінге дейін 401 604  азамат хабарласып, әртүрлі мәселелер бойынша кеңес алған. Мұнда 16 оператор мен 8 диспетчер төрт ауысыммен тәулік бойы қызмет етеді.

Орталық мамандары тұрғындар өтінішін «109» қысқа нөмірі, WhatsApp чат бот, облыс әкімдігінің сайты (өтініштер қабылдау виджеті), 109@scatyrau.kz электронды поштасы және (atyrau109) Telegram чат бот , сондай-ақ байланыс орталығының арнайы мобильді қосымшасы арқылы қабылдап отыр. 

Айта кету керек, облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдер жыл басынан бері 1479 азаматты жеке қабылдады. Аймақ басшысы тұрғындармен 10 мәрте кездесу  өткізіп,  123 азаматты  жеке қабылдады. Ал, облыс әкімдігінің қоғамдық қабылдау мәселесіне 1800-ден аса азамат жеке мәселелерімен хабарласып, кеңес алды.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі» 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз