Жарнама
Қоғам

ЖАС МАМАНҒА – ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Бұдан күні бүгінге жұмыспен қамтылған 9,7 мың адамның 35,2 пайызы өндірісте, 34,5 пайызы бюджеттік мекемелерде, 12,1 пайызы кәсіпкерлік субъектілерінде және 18,2 пайызы ауданнан тыс жерлерде еңбек етеді. Мұның сыртында аудан бойынша 2,7 мың адам өзін-өзі қамтитындар санатына жатады. Дейтұрғанмен, ауданда жұмыссыздарды жұмыспен қамту немесе еңбекке орналастыру көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға кеміп кеткенін де жасыра алмаймыз.
Облыс әкімдігінің бастамасымен жалғасын тапқан істің бірі – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдерді баспанамен қамтамасыз ету мақсатына былтырғы жылы бюджеттен 20,5 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа аудан орталығы — Аққыстау селосынан барлық инженерлік-коммуникациялық желілерімен қамтылған сегіз пәтер сатып алынды. Сол секілді «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы аясында селолық елді мекендерге жұмыс жасауға келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау бағытында республикалық бюджеттен 29,2 млн. теңге қаралды. Соның нәтижесінде 28 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы төленіп, бірер жылдан бері жұмыс жасап жатқан 10 жас маман пәтермен қамтылды.

Надежда ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,
Исатай аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button