Жарнама
Қоғам

Жаралы жүректің жанашырлары

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА «ЖАНАШЫР ЖҮРЕК» ХАЛЫҚТЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ (ҮЕҰ) ӨКІЛДЕРІ МЕН ЕРІКТІЛЕРМЕН БІРЛЕСІП, МҰҚТАЖ АДАМДАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІН, КЕҢСЕ ТАУАРЛАРЫН, КИІМДЕР, ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫН ТАБЫСТАДЫ. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СЫЙЛАРЫН ҰСЫНЫП, ҚАЛАДАҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫ НАСИХАТТАП, ДАМЫТУ ҮШІН «ЖАҚСЫЛЫҚ САБАҒЫН» ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР. ШАРА БАРЫСЫНДА ЕРІКТІЛЕР АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ Г.БИСЕНҒАЛИЕВАНЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА БОЛДЫ. ҚОЛАРБАДАҒЫ ҚЫРЫҚ ЖАСТАҒЫ ҰЛЫН БАҒЫП ОТЫРҒАН ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖУЫРДА ҚАЙТЫС БОЛҒАН КЕНЖЕ ҰЛЫНЫҢ ҚАЗАСЫНА ҚАЙҒЫРЫП ОТЫР ЕКЕН.

– Арбада отыратын үлкен ұлымды екінші қабаттан көтеріп-түсірудің өзі қиын. Жанашыр жандар үй алып беруге көмектессе екен. Біз тұрған үйдің айналасы жайсыз. Елеп-ескеріп, көмек қолын созып жатқан жастарға аналық алғысымды айтамын, — деді ол. Халықтық акцияға үн қосуға келген ерікті Мира Есниязова көптеген шараларға белсенді қатысып жүргендігін айтады.

screenshot 23

– Бұған дейін де түрлі адамдарға қолғабыс етіп келеміз. Бүгін де мүгедектігі бар жандардың отбасына келіп, азық-түлікпен көмектесіп жатырмыз. Алдағы уақытта бірнеше жобамен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Əлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға көмектесеміз, — деді волонтер. Орталық мамандары «Атырау – маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің орталығында №4 Арнаулы əлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарияларын атқа отырғызып, сауықтыру шарасын өткізді. Орталық мамандарының айтуынша, акцияның мақсаты – мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы əрбір қазақстандықтың қайырымдылық мəдениетін дамыту.

Шара ұйымдастырушылары басқа да отбасыларға барып, көңілдеріне демеу болды.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Сурет автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button