Мерейлі отбасылар марапатталды (+ФОТО)

ANU 5757 Жаңалықтар

Аtr.kz/29 мамыр, 2019 жыл. Жуырда осымен алтыншы рет «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаз жанұялар марапатталды. Салтанат сарайында өткен мерейлі сәтпен оларды облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев құттықтады.

– Біз облыстық кезеңге жолдама алған жанұяларды шын жүректен құттықтап, бар жақсылықты тілейміз. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу ісінде олардың әрқайсысынан үлкен үлгі-өнеге алуға болады, – деді ол.

Бәсекеге түскен 108 жанұяның ішінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 16 отбасыға арнап ақ дастархан жайылып, бұл күні айрықша құрмет көрсетілді. Осыдан кейін сегіз қатысушыға аймақ басшысының Алғыс хаты тапсырылды. Мұндай құрметке Семғалиевтар (Атырау), Имашевтар (Жылыой), Тұрсынбаевтар (Индер), Аманбаевтар (Исатай), Ибраевтар (Құрманғазы), Доскенжиевтер (Қызылқоға), Иманғалиевтар (Мақат) мен Самалықовтар (Махамбет) отбасылары ие болды.

ANU 5742
ANU 5848 1

Жүлделі үшінші орынға ақтық кезеңнің үш қатысушысы – Қабдрахмановтар (Жылыой), Араловтар (Қызылқоға) мен Жулимановтар (Мақат) жанұялары лайық деп табылды. Ал, Жаңабаевтар (Атырау қаласы), Амановтар (Исатай) және Түсекеновтер (Махамбет) отбасылары екінші тұғырдан көрінді.

Бас жүлде Қостанай облысындағы «Сосновый бор» шипажайында демалуға жолдаманы Меңдіхан Бақтыгереевтер (Құрманғазы) мен Аймекен Тілекқабыловтар (Индер) жанұяларына берілді. Енді комиссия шешімімен олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауда аймақ намысын қорғайтын болады. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

ANU 5516
ANU 5652
ANU 5590
ANU 5642
ANU 5667
ANU 5660
ANU 5793
ANU 5677
ANU 5852
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз