
Қоғам
«Жанашыр жүректің» жақсылығы көп
Республика күніне орай ұйымдастырылған «Жанашыр жүрек» республикалық халықтық акциясы аясында өңірімізде де ізгілікті іс-шаралар өзіндік өрнегін табуда.

Атап айтқанда, Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны және «Аналарға қолдау-көмек» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен көпбалалы, жалғызбасты аналарға тегін медициналық көмек көрсетілді. Нақтылай кетсек, аналардың ауру тістерін ақысыз емдетті. Ал, олардың балаларының «Kidspark» ойын-сауық орталығында тегін ойнауына мүмкіндік жасалды.
Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ