Жарнама
Қоғам

«ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ…»

 

«Былина» орыс-славян этномәдени бірлестігі  мен  №32 мектептің  ұйымдастыруымен өткен еске алу кешіне Оңайбай Көшекұлының жары Айсұлу, балалары мен зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Алдымен сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Еркін Қадырғалиев шараның Ассамблея жылы аясында ұйымдастырылып отырғанын айтып, тағылымды кештің маңызына тоқталды.

—  Облыста Оңекең басшылық еткен жылдары мал шаруашылығымен бірге, балық шаруашылығы, мұнай өндіру саласы да ерекше қарқынмен дамыды. Соның бәрінде ол жинаған өмірлік тәжірибесімен, біліктілігі мен парасаттылығымен жүзеге асырды, тиісті дәрежеде пайдалана білді. Онымен қызметтес болған кезде түйгенім,  ел – халық алдындағы көрнекті еңбегіне қоса, бойына адамгершілік, сыпайылық қасиеттерді сіңірген, замандастарына деген сыйластығы  мен өзінен кейінгілерге деген қамқор пейілі ерекше еді. Сыры мен сыйын қашырмай, өз төрінен төмендемей, сәніменен әдемі өмір сүрген қария. Өмірдегі ұстанымы адалдық пен әділдік қана болған аузы дуалы ақсақал еді, — деген Атырау облысының Құрметті азаматы Мәдина Ғабдісәлімова қала мен дала дамуында қайталанбас қолтаңбасы қалған абзал азамат туралы осылайша тебіренді.

Кеш барысында Оңайбай Көшековтің көзі тірісінде атқарған қызметі жайлы біраз естеліктер айтылды. №32 орта мектеп оқушысы Ақнұр Амангелдиева абыз ақсақалға арнаған өлеңін оқыса, жиналғандар арнайы дайындалған деректі фильмді тамашалады.

«Кең де, жарық дүниеге келудің өзі бақыт. Ал, Оңекең Тәңір сыйлаған 88 жыл өмір сүрді. Мәнді де сәнді ғұмыр кешті. Ұрпақ  әкелді», — деген «Иверия»  грузин  этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе О.Көшековтің қайырымды әрекеттерін, ұрпақтарының әке есімін ардақтауға үлес қосқандығын айтты.

Үлкенге сыйлы, кішіге қамқор бола білген қайраткердің адамдық қасиеттері туралы туыстары да сағына еске алады. Зайыбы Айсұлу Көшекова және ұрпақтары кешті  ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button