Жарнама
Қоғам

«Жайлау той — 2025» этномейрамы кең көлемде тойланды

Астрахан облысы Алтынжар ауылында дәстүрлі «Жайлау той — 2025» этномейрамы өтті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақ халқының бірлігін, қонақжайлылығы мен салт-дәстүрін сақтау мен насихаттау мақсатында өткізілген шараға Құрманғазы ауданынан арнайы делегация, мәдениет қызметкерлері және Атырау облыстық Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның «Мұрагер» фольклорлық ансамбілінің өнерпаздары қатысты.

–Құрманғазы ауданы – қазақтың қонақжайлығын, салт-дәстүрлерін, өнерін ұлықтайтын мекен. Біздің халық өз жерінің шырайлы жайлауларында ән мен күйге, сырға толы өмір сүреді. Бұл той бір-бірімізді тануға, достықты нығайтуға мүмкіндік береді,- деді Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев.

Шарада ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, екі елдің мәдени қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button