Мұз ойылып 2 жігіт суға кетіп қала жаздады

2c6a922e d353 4791 a85c 9c9acad5685b Қоғам

Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып үстінде жүрген 2003 ж.т., жігіт суға кетіп бара жатқанын көріп жанындағы досы көмекке келген. Оқиғаға куә болған тұрғындар арнайы мамандарды көмекке шақырған.

Алайда екі жігіт өз күштерімен өзеннің арғы жағына өтіп аман қалды. Аязды күні суға кету қаупінен аман қалған жігіттерді жағадағы Атырау қаласы полиция басқармасының №86 стационарлық бекетінің қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, жедел-жәрдем қызметкерлерін шақырды.

46f124c3 a927 46f7 87b8 8b3e28274945

Атырау облысының полицейлері мұз бетінде жүру қауіпті екендігін ескертеді.

9c136924 c738 4b07 864b c9b7c36813c8

Айта кетейік, тәулік бойы қызмет көрсететін стационарлық полиция бе­кет­тері құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алуға ба­ғытталған патрульдік-бекеттік қыз­мет атқарудың негізгі ныса­ны болып саналады. Мақсат – халық көп жиналатын қоғамдық орындар мен криминогендік учаске­лерде, сондай-ақ құқық бұзушы­лық жиі тіркелетін аумақтарда полиция қызметкерлерінің тұрақ­ты болуын қамтамасыз ету, сон­дай-ақ қоғамдық тәртіптің жай-күйін тікелей қадағалау және аза­маттардың өтініштері бойынша шараларды жедел қабылдауды ұйым­дастыру болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз