Жарнама
Қоғам

«ЕЛСАНА» ТӨРІНДЕ — «АЛТЫН ШАҢЫРАҚ» 

Атыраудағы «Ақ желкен» шығармашылық орталығы жанынан құрылған «Елсана» рухани-патриоттық қауымдастығының өз жұмысын жүргізіп келе жатқанына он жылға жуықтады.

Осы уақыттың ішінде аталған қоғамдық бірлестіктің ұйытқы болуымен ұлттық құндылықтарымызды, халықтық салт-дәстүрлерімізді жұртшылық арасында кеңінен насихаттап, заман талабына сай қайта жаңғырту,осы тұрғыда еліміздің ертеңі — өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие беруде игілікті істерді кешенді түрде жүзеге асырып келеді. 

547c218e feb9 462f b481 db0640528672

Бұл бағытта қауымдастық құрамында бірнеше алаң жұмыс жасайды. Солардың бірі — үлгілі жанұялар мен өнегелі отбасыларын дәріптеді мақсат тұтқан «Алтын шаңырақ» алаңы. Жақында оның мүшелерінің ұйымдастыруымен «Елсананың» қонақжай төріне индерліе Мусағалиевтер отбасы шақырылды. Биыл отасқандарына елу жыл толған бұл отбасын ауылдастары үлгі тұтады. Отағасы Бақытжан Әділұлы еңбек жолын журналистика саласында бастаған. Өңір өмірінің айнасы — «Дендер» газеті редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Аудандық партия комитетінде жауа мемлекеттік қызмет саласында жемісті де абыройлы еңбек етті. Аудандық білім беру, мәдениет бөлімдеріне басшылық жасады. Осы кезеңде шығармашылықтан да қол үзбей, жиған-тергендерін мерзімді басылым беттерінде жариялап, кітап етіп шығарды. Қоғамдық жұмыстардың да көш басынан табыла білді. Ал, Отанасы Зәмзәгүл Өтешқызы болса саналы ғұмырын ұстаздыққа арнады, халық ағарту саласында қырық бес жыл жемісті еңбек етті. Шаңырақтарын шаттыққа бөлеп, қуанышқа кенелткен перзенттеріне ұлағатты тәрбие беріп, ер-азаматына сүйеу, адал да аяулы жар  бола білген ол әулетінің сыйлы келіні, ақылшы абысын, қадірлі жеңге, балалары мен олардан өрбіген ұрпақтарына ардақты ана, әзиз әже танылды.

216cf308 423c 4fc6 af23 1332d80d1557

Ынтымағы мен ырысы, татулығы мен бірлігі жарасқан жанұяның жарты ғасырлық алтын тойына орай еңбектен де, өмірден де бақытын тауып, жарасымды жұп атанған Бақытжан мен Зәмзәгүл Мусағалиевтерге «Елсананың» төрінде сый-құрмет көрсетілді. Ақ тілектер ақтарылып, ән-жырдан шашу шашылды 

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button