Жарнама
Қоғам

ЖАБЫРҚАУ КӨҢІЛДЕРГЕ – ЖАН ЖЫЛУЫ

— ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының бәрінде мүмкіндігі шектеулі жан туралы тереңнен толғап, оларға барлық жағдай жасалуын үкіметке де, жер-жердегі әкімдерге де жіті тапсырып, қадағалап отырады. Қазір біздің облыста 18 713 мүгедек жан бар, соның 1 476-сы –  бірінші, 8 335-і – екінші, 6 215-і – үшінші топтағылар, қалғаны 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Жалпы мүмкіндігі шектеулі адамдар облыс халқының 3,2 пайызын құрайды.

– Соңғы жылдары мүм-кіндігі шектеулі болса да, еңбек етуге қабілетті адамдар жұмысқа орналасуда. Осы мәселе бізде қалай шешілуде?

– Оның дұрыс. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша біздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі біртіндеп шешілу үстінде. Тек былтырдың өзінде жеті рет өткен «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде» мүмкіндігі шектеулі 27 адам жұмысқа орналасты. Бір ғана Атырау қаласы басында балалармен қоса алғанда 6 557 адам қажетті техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етіліп, санаторий-курорттық және оңалту орталықтарына жолдамамен, инватаксимен, жүріп-тұруында қиындығы бар бірінші топ мүгедектері жеке көмекшілермен, тіл маманы қызметкерімен қамтылды.

Түрлі техникалық көмекші және есіту құралдарына, санаторий-курорттық жолдамаларға өткен жылмен салыстырғанда 160 млн. теңгеден астам қаржы қаралған. Мүгедектерге қызмет көрсететін арнайы автокөлік саны да жыл санап өсіп, қазір ол қала басында беске жетті. Үйден арнаулы қызмет көрсететін алты бөлімшеде 77 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Олар 440 мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызілікті қарияларға, мүгедек жанға қызмет көрсетеді. Қазанда өтетін қамқорлық айлығында қаншама ізгі шаралар жүзеге асады. Оның ішінде ақшалай, заттай, тағамдай көмектер, адрестік жәрдем, жергілікті мерзімдік басылымдар  – «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» облыстық газеттеріне жазу да бар. Мұндай жұмыстар бір ғана Атырау қаласында ғана емес, барлық ауданда қолға алынып, мүмкіндігі шектеулі жандардың зор құрметі мен ыстық ықыласына ие болуда.

— Мүмкіндігі шектеулі жандармен тікелей жұмыс жасайтын – әлеуметтік қызметкерлер. Олардың негізгі міндеті қандай?

— Олардың басты міндеттері – аудан, қала, облыстық деңгейдегі әлеуметтік сала мекеме басшыларымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың шешімін таба алмай жүрген мәселесін анықтау, оны аудан, қала, облыс деңгейіне көтеру, солардың оң шешілуіне ықпал ету. Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрамында осындай төрт сектор мен екі орталық бар. Бұл секторлар мен орталықтардың қызметкерлері мүгедектерді жұмыспен қамтумен, олардың әлеуметтік төлемдерімен, әлеуметтік қызмет көрсетумен, медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясының берген мүмкіндігі шектеулі жандардың тізімімен тікелей жұмыс жасайды.

Жалпы, қай жұмыстың да өзіндік қиындығы мен қызығы болады емес пе? Сол айтқандай, әлеуметтік қызметкердің жұмысындағы қиындық – мүмкіндігі шектеулі жанның барынша бабын тауып, қайткенде соның көңілінен шығу, қызығы – оның жүзіне күлкі үйіріліп, марқая қуанғанын көру. Міне, сонда ғана әлеуметтік қызметкер өз жұмысының жемісін көреді. Тіпті, көпті көрген аталарымыздың өзі «жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» деген ғой. Мүмкіндігі шектеулі жанның айналасындағы адамдардың бәрі оларға мейіріммен қарап, жылы қабақ таныта білсе, олардың бойындағы дерті неғұрлым жеңілдеп, ертеңге деген үміті де ұзара түспек…

  Әңгімелескен

Лиза СЕЙТІМОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button