Жарнама
Қоғам

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Уақыт сынынан өткен өміршең латын графикасын қазіргі таңда әлем халқының 80 пайызы меңгерген екен. Әлемдік ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылатынын, ғылымның тілі, халықаралық терминдер, формулалар да негізінен латын әріптерімен жазылатынын ескерер болсақ, жаңа әліпби бізге зор мүмкіндіктер туғызады.

Латын графикасы бойынша қазақ тілін оқу барысында жас ұрпақ ағылшын тілін меңгеретіні анық. Шетелдіктер үшін де қазақ әліпбиі мен тілін меңгеруі жеңілдейді, яғни Қазақстанды әлемге танымал етуге септігін тигізеді. Бұл – Қазақстанның дүниежүзілік ақпараттық кеңістікке ықпалдасуы, біздің барлық цифрлық ресурстарымыз, мәдени мұрамыз әлемде латын графикасын қолданатын барлық пайдаланушыларға, қазақ тілін меңгерген, алайда, кириллицаны білмейтін адамдар үшін қолжетімді болады.

Оның үстіне қазіргі таңда бірнеше тілді еркін меңгерген жастарымыз интернет кеңістігіне еркін енуде және латын графикасын қолданудың ешқандай қиындық тудырмайтындығын аңғартып отыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз – қорқақ, қол – батыр» деп дана халқымыз айтқандай, енді екі білекті сыбанып, нық қадаммен алға басудың уақыты келді.

Шалқарбай ІЗБАСАРОВ,

ақын, республикалық,

халықаралық айтыстардың жүлдегері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button