ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ЗОБАЛАҢЫ
Олар Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, подполковник Аслан Мұхамбетәлиевтің, колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Растамбек Сәлімовтің, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Рүстем Куртиевтің зұлмат жылдар жөніндегі әсерлі әңгімелерін ұйып тыңдады. Олар өз сөздерінде елімізде жастарды патриотизмге тәрбиелеу мәселесіне үлкен көңіл бөлініп отырғанын жеткізді, өсиет сөздерін айтты.
Индустриялдық колледжде бірнеше жылдан бері «Құрылысшы» әскери-патриоттық клубы жұмыс жасауда. Оның мүшелері бұқаралық жарыстарға, слеттерге, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен біріншіліктерге жиі қатысып тұрады.
«Қазақстанның әскери-патриоттық клубтар одағы» корпоративтік қорының басшысы Зауырбек Жолдасбаев өз сөзінде аталған қордың мақсатын кеңінен түсіндіріп, атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.
— Ағымдағы жылдың қараша айында еліміздің түкпір-түкпірінен жас патриоттардың басын қосатын лагерьлік жиын ұйымдастыру жоспарда бар. Жастардың бойында патриоттық рухты дамытудың, ерлік сабақтарын өткізудің, аға ұрпақпен жиі кездесулер ұйымдастырудың болашағымыз үшін маңызы зор. Әрбір жас сұрапыл соғыс жылдарындағы батырларымыздың ерлігін мәңгі жадында сақтауы керек, — деді ол.
Дәл осындай кездесулер Атырау қаласындағы №3 және №6 орта мектептерінде де ұйымдастырылды.
Айгүл ЕРТІЛЕУ,
Атырау қаласы.