Жарнама
Қоғам

«Ырыстың» алды айқай-шу…

 Авангардтағы 2-ші ықшамауданына қарасты бес қабатты №22 үйі алдындағы «Ырыс» мейрамханасы жанынан «Еуроспорт» букмекерлік кеңсесінің келіп орын тепкелі тұрғындардан маза кетті.

  Екі жылдан бері тәулігіне 24 сағат бойына жұмыс жасап, еуропалық футбол клубтарының өзара кездесулерінің есебіне қалталарынан ақша тігіп, жанкүйер ретінде тамашалау үшін осында жиналатын адамдардың айқай-шуы мен дөрекі, былапыт сөздерін естуден шаршадық. Түнгі 23 сағаттан кейінгі тыныштығымыздың бұзылуы бізді қатты алаңдатып тұр. Сыраға тойып алып бір-бірімен жұлқыласып, жаға жыртысуларға дейін баратын сәттеріне де жиі куә боламыз. Үй алдына келіп-кетіп жататын түрлі маркалы көліктерден шыққан улы газдан кешкілікте аула алдына шығып, демалып отыруға, балаларды ойнатуға ешқандай мүмкіндік жоқ.

   Үйіміздің алдындағы бұл букмекерлік кеңсе қожайынына ескерту жасап, тәртіпке шақырып жатқан жергілікті полиция өкілдерін де, учаскелік полиция инспекторын да көрмейміз. Сондықтан, тұрғын үйіміздің алдынан небәрі жиырма метр жердегі букмекерлік кеңсенің жабылуын қалалық әкімдіктегілерден қатаң талап етеміз.

Авангард, ІІ ықшамауданы, №22 үйдің бір топ тұрғыны.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button