Жарнама
Қоғам

Әйел әлемді тербейді

«Шет елдегі қазақ балалары» жобасының авторы, «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері Жанар Байсеміз өзін психология әлемінде байқап көрмек. Ол сананы өзгерту туралы өз тренингін тұңғыш рет Атырауда өткізді.

Әйел әлемді тербейді

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен шара тақырыбы – «Мидағы найзағайлар соғысын қалай тоқтатуға болады немесе әйел энергиясы не үшін қажет?». Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор Зәмзәгүл Жалмурзина шараға әр ауданнан арнайы мамандар келіп қатысып отырғанын мәлім етті. «Әйел отбасының ұйытқысы ғана емес, жалпы қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықтың шырақшысы саналады.

«Әйел – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөз де соны білдірсе керек. Қазіргі қоғамда әйелдер тек отбасымен шектелмей, сонымен қатар, мемлекеттік қызметте, бизнесте, денсаулық сақтау мен білім-ағарту жүйе-сінде жемісті жұмыс істеуде. Сондықтан, әйелдің ой-санасы жаңғырып отыруы керек. Ал, оған мұндай тренингтердің пайдасы зор»,-деген ол Жанар Қожақанқызының жұмысына сәттілік тіледі.

Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Елшат Асқар мұндай басқосулардың, әсіресе, әлеуметтік мәселелер төңірегінде жұмыс жасайтын мамандар үшін маңызы зор екенін айтады. «Ауданда 19 ауылдық округ бар, олардың әрқайсысында демографиялық саясатпен айналысатын мамандар бар. Біз бұл тренингтен көңілге түйгенімізді арнайы семинарларда пайдаланамыз. Отбасы, қоғамдағы әйелдердің рөлі, тұрмыстық зорлық- зомбылықты алдын алу тақырыбында жиындар өткіземіз» дейді ол.

Танымал тележүргізушінің тренингіне 50-ден астам атыраулық қыз-келіншек қатысты. Әйелдердің қоғамдағы орны мен рөлін одан әрі арттыру мақсатында ұйымдасты-рылған шара барысында нәзікжандылардың бойындағы энергия, асыл қасиеттерді дамыту туралы жан-жақты айтылды.

Мәлике Мәлік

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button