![Үздік қоғамдық қабылдау бөлімі анықталды 1 amanat](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/amanat-780x470.jpg)
Үздік қоғамдық қабылдау бөлімі анықталды
«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалында 2024 жыл нәтижесі бойынша «Үздік қоғамдық қабылдау бөлімі» байқауының қорытындысын саралайтын аймақтық комиссия отырысы өтті.
Байқаудың мақсаты – партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерін қолдау және ынталандыру, қызметкерлердің кәсіби дамуын жетілдіру, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыру. Жұмыстың нәтижелілігіне мән беру, жыл бойындағы жұмысты қорытындылай отырып, жұмыстағы осал тұстарын анықтау. Креативті және үздік тәсілдерді анықтау, тиімді әдістерімен тәжірибе алмасу және оны жұмыста қолдануға бағытталған.
Комиссияға 7 аудандық филиал қоғамдық қабылдаулар бойына жыл ішінде атқарылған жұмыстары негізінде құжаттарын тапсырды. Партия хатшысы Д.Кәрібек бекіткен Ереже бойынша байқау келіп түскен өтініштердің мезгілінде қаралуы, азаматтардың жеке қабылдауларын ұйымдастыру және оның сапасы, оң шешілген мәселелердің үлесі, мәліметтердің «Documentolog» бірыңғай жүйеге енгізілуінің толықтығы және дұрыстығы, атқарылған жұмыстардың баспасөзде, телеарналарда және әлеуметтік желілерде жариялануы, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы туралы талдамалық дайджестің Ереже талаптарына сай жасақталуы, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясындағы жұмыстар және Азаматтардың мәселелерін шешуге бағытталған қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысында бұрын пайдаланылмаған жұмыстың жаңа форматтары мен әдістері сияқты бірнеше бөлімнен тұрды.
Аймақтық байқау комиссиясы Құрманғазы аудандық филиалының жұмысын үздік деп бағалады. Кейінгі жүлделі орындарды Исатай, Индер, Мақат аудандық филиалдары иеленді. Комиссияның қарауына ұсынылған жұмыстарды саралай отырып, жүлделі бірінші орын иеленген аудандық филиалдың жұмысы республикалық байқауға жолданды.