Жарнама
Қоғам

УНИВЕРСИТЕТТЕ – ШАХМАТ КЛУБЫ

 

Қожахмет Жүсіпұлы ұзақ жылдар бойы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасына басшылық жасаумен қатар, жастар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттады.

«Рапид» аталымы бойынша өткізілген біріншілікке облысымыз бен  көршілес Ақтөбе, Батыс Қазақстан өңірлерінен де ең мықты  шахматшылар қатысты. Олардың қатарында халықаралық спорт шеберлері, спорт шеберлігіне үміткерлер, разрядты шахматшылар да болды.

Жарыс швейцар жүйесі бойынша тоғыз турдан өткізілді. Біріншіліктің ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұржан Ермұханов, университеттің бірінші проректоры Бақыт Жәутіков және Қожахмет Шәмбіловтің жұбайы Клара апа сөз сөйлеп, шахматшыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, сол күні университеттің ғимаратынан шахмат клубы ашылып, оған Қожахмет Жүсіпұлы есімі берілді. Шахмат клубының ашылуына және оның заман талабына сай толықтай жабдықталуына білім ордасының басшылығымен қоса ұстаздың отбасы да зор үлес қосқан.

Үш күнге созылған тартысты ойындар нәтижесінде әр санат бойынша Жәнібек Аманов, Нұрәділ Жамбыл, Аман Құмаров және Әйгерім Қазиевалар жеңіске кетті. Жарыстың бас төрешісі, облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай Гайсиннің айтуынша, чемпиондар келер жылы өтетін Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button