Бірлігі бекем ел озар…

Түбі бір бауырлас қырғыз елінен естіген суық хабар жанымызды түршіктірді. Бұл арада кім кінәлі деген сұрақтың жауабын іздеп, төрелік  айтатын ойым жоқ. Бірақ ондағы халықтың зардап шеккені баршамыздың жүрегімізді сыздатқаны рас.

Көрші елдегі оқиғалар бір бізді ғана емес, әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Бүгінгі күні шын мәнінде Қырғызстан халқының жағдайы мүшкіл десе де болады. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді қазақ халқы, қырғыз елі қалай болғанда да сабырлыққа келіп дауды қантөгіссіз шешкені абзал. Себебі, кез келген мемлекетте халықтың бірлігі, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім басты құндылық болып саналады.

Қырғыз елінің билігі қарапайым халықтың жазықсыз жапа шегуіне жол бермеуі керек. Ырыс-берекенің бастауы тұрақтылық десек, сол тыныштықты сақтау қай халыққа да үлкен жауапкершілік жүктейді. Қай елде болса да адам үшін ең керектісі бейбіт өмір. Осындай жағдай жасалмай, орнықты саясат жүргізілмей, елде келісім орнамайды.

Ойымды қорытсам, қазақстандықтар достықтың, татулықтың қадірін жақсы білетініне сенімдімін. Біздің көршілерімізге жетпей жатқаны да осы мәселе болса керек.

Толыбай ШАКИРОВ,

Ауған соғысының ардагері

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз