Жарнама
Қоғам

Үкіметтік емес ұйымдар үмітті ақтап жүр ме?

Қоғамдық мәселелерді шешуде үкіметтік емес ұйымдардың маңызы зор.

Қазір өңірімізде осындай 700-ден астам бірлестік бар. Алайда олардың ішінде білек сыбана жұмыс жасап жатқандар саны саусақпен санарлық. Бірі ұйымды жай ғана аша салса, енді бірі оны ары қарай дамытпаған. Осындай жағдайдың алдын алу үшін ұйымдарға көмек көрсетіп, гранттар мен жобаларға ілігуге қолдау таныту мақсатында  Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен  Шынар Орманбекқызының «ТАҢ» қолдау және дамыту қорының есебі тақырыбында  семинар-тренингі өтті.

  • — Қазір көптеген үкіметтік емес ұйымдар ашылып жатыр. Олардың нақты атқаратын қызметтері, заңнамаларын түсіндіру мақсатында тренинг өткізіп отырмыз. Алдағы уақытта  айына екі рет дәстүрлі түрде өткізу ойымызда бар,– дейді Жайық-Каспий Орхус орталығының директоры Шынар Ізтілеуова.

Үкіметтік емес ұйымдар белгіленген бағыттармен жұмыс жасайды. Облысымызда  ұйымдар 17 бағытта жұмыстарын іске асырып жүр. Мысалы, халықты сауаттандыру, оқыту-тоқыту, мұқтаждарға қолдау, экологияны жақсарту және т.б.

Тренингте ұйымдардың  мақсаттары, атқаратын негізгі жұмыстары, жобаны қалай құрамыз, жұмысты қалай жоспарлау керек, барлығы егжей-тегжейлі айтылды. Ұйым басшылары көкейтесті сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Нұрсұлтан НҰРСЕЙТ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button