Жарнама
Қоғам

Ұйымшылдық маңызды

Атырау қаласы маңындағы қамыс өртінің бірнеше күн бойы жалғасып жатқаны – әрбір тұрғынды алаңдататын жағдай. Депутат ретінде мен де бұл мәселені жіті бақылап отырмын, жауапты мекемелермен тұрақты байланыстамын.

Бүгінгі таңда өртті сөндіру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Құтқарушылар, орман шаруашылығы мамандары, әкімдік пен тиісті құрылымдар бірлесе әрекет етіп, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Елді мекендерге нақты қауіп жоқ екенін атап өткім келеді.
Тұрғындарды сабырға шақырамын. Әлеуметтік желіде тараған түрлі бейресми ақпараттарға сенбей, тек ресми дереккөздерге жүгінген жөн. Осындай сәтте жалған ақпарат жағдайды ушықтыруы мүмкін.
Біз, халық қалаулылары, тиісті органдармен бірлесіп, әрбір тұрғынның амандығы мен өңір экологиясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істей береміз. Бұл ортақ сын сәттен де ел болып, ұйымшылдықпен өтеміз деп сенемін.
Бауыржан ӘЖІҒАЛИЕВ,
Атырау қалалық мәслихатының депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button