Жарнама
Қоғам

Уақыт белдеуінің тиімді тұстары көп

5b7bef2b 03c2 4929 9c61 e4ed767f3298

Жаңа уақыт белдеуінің тиімді тұстары көп. Әлемдік тәжірибеге сүйеніп енгізілген бастаманың денсаулыққа да әсері оң саналады. Біз күн мен түннің жиілігіне сағат тілін қанша жылжытсақ та араласа алмаймыз. Сондықтан уақыт өлшемі таңның атуымен тіршілік етуге тиіс. Яғни таңертең күн жарық, кеште қараңғылау болғаны адамға физиологиялық жағынан тиімді әрі тұрмыс-тіршілікке қолайлы екен.
Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты дәлел-дәйексіз әңгімелер айтылып жүр. Субъективті пікір көп.

Соның бірі – елдің шығысындағы облыстар елдің батысындағы уақытқа ауысты деп қате ойлайтындар бар. Анығында олай емес, Шығыс Қазақстан облысындағы өлкелер өзінің әуелдегі уақыттық белдеуіне қайтарылды. Шынтуайтына келгенде, жұрттың көбі кешқұрым күн жарық болғанын қалайды. Жаздыгүні серуендеп, уақыт өткізгісі келеді. Бірақ кеш ұйықтаудың ағзаға зиян екенін түсінбейді. Басқа-басқа, балалардың денсаулығына таң атқаннан кейін барып ұйқыдан ояну маңызды. Мұны ойдан шығарып отырғанымыз жоқ, медицина мамандары да солай дейді. Жаңа уақыт белдеуі адамдарды ерте жатуға, ерте тұруға, күн тәртібін қалыптастыруға, жұмысын нақты жоспарлауға ықпалын тигізеді.
Сондай-ақ, сарапшылар денсаулыққа оң әсер етумен қатар, бірыңғай уақыт белдеуін енгізу еліміздің әр өңірінің тұрғындары арасындағы уақыт айырмашылығын еңсеретінін баса айтты. Бұл көлік және басқа да коммуникацияларды үйлестіруді жақсартуға, бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен төтенше жағдайлар қызметтерінің өзара іс-қимылын күшейтуге мүмкіндік береді.
Амандық болса, аз күндерден соң жаңа жылмен қауышпақшымыз. Биыл алғаш рет бұл атаулы мерекені барлық өңірлер бір сағатта қарсы алады. Өзге облыстарда қоныстанған туыстарымызды бір сәтте жылдың келуімен құттықтап, қуанышқа кенелетін болдық. Осылайша, жаңа уақыт татулық пен бірлік-берекенің де нышанына айналғалы отыр.

Расул БАЙМОЛДИН,
Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау университеті «Жаратылыстану» факультетінің «География, тарих» мамандығының II курс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button