Жарнама
Қоғам

Түзеу мекемесінде — «Ашық есік» күні

Наурыз мерекесі аясында Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №15 мекеме базасында «Ашық есік» күні өтті.

Шара барысында 15 сотталғанның туысы түзету мекемесінің ғимаратына кіріп, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Жанұясымен жүздескен сотталғандар бұл шараның олар үшін маңызды екенін айтады. Аталған мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет майоры Рүстем Аманияздың айтуынша, сотталған адамның туыстары олармен жақынырақ сырласуға мүмкіндік береді.

–Бұл іс-шараның басты мақсаты – мекеме жұмысының жұртшылық үшін ашықтығы, бұл оларға мекемедегі жағдайды объективті түрде бағалауға ықпал етеді, — деді Рүстем Қонысбайұлы.

Мерекелік шара Н.Жантөрин атындағы филармония өнерпаздары мен жазасын өтеушілердің концерттік бағдарламасынан бастау алып, одан әрі жаза өтеушілердің тұрмыстық жағдайлары мен жатын орындары мен мекеменің күн тәртібі таныстырылды.

Шара қазақ эстрадасының жұлдызы әнші Нұрболат Қанаевтың концертімен жалғасты. Одан соң жаза өтеушілер арасында қазақтың ұлттық ойындары гір тасын көтеруден, қол күрестен, арқан тартыс пен асық ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.
Аталған сайыстардан үздік атанып, жүлделі орындарға ие болған сотталған азаматтар мекеме бастығының атынан грамоталармен марапатталды.

Шара соңында барлық қатысушылар мерекеге арнайы тігілген киіз үйде әзірленген мерекелік дастарханнан, наурыз көже мен бауырсақтан дәм татып, тілектер айтып, әндер шырқады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button