Тұтынушылар «e-tutynushy.kz» арқылы шағым қалдыра алады

c24902f6ba2a0b449ba53d45e46794e7 xl Қоғам

«Бұл туралы баспасөз алаңында өткен онлайн брифинг барысында Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Әлем Уәлиев мәлім етті» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Тұтынушылық құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, қандай да бір құқықтық көмек алу үшін, Атырау қаласы, Азаттық 31 А мекен-жайында орналасқан, Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым қалдыруға немесе 8(7122) 32-10-54, 32-10-36 байланыс телефондарына хабарласуға болады.

e-tutynushy.kz сервистік платформасына да арыз қалдыру мүмкіндігі бар» деп атап өтті спикер.

Еске сала кетелік, Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне күні бүгінгі дейін тұтынушылардан 100 арыз келіп түскен.

Оның ішінде 41 арыз бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 50 арыз қанағаттандырылды.

Нәтижесінде 227 000 теңге қаражат тұтынушыларға кері қайтарылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз